ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

17:02, 7 желтоқсан 2018

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп бекітілген. Осыған орай еліміз бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Қарағандыда парақаорлыққа қарсы өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Халықаралық сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар ұйымдарының рөлі» атты эссенің қорытындысы бойынша бас жүлдені Қарағанды мемлекеттік университетінің 3-ші курс студенті - Ақдана Исенова жеңіп алды. Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет – айрықша қызмет түрі және қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет ету борышы» дебаттық турнирінің жеңімпаздарына да дипломдармен және бағалы сыйлықтар табысталды.

Ақдана ИСЕНОВА,  байқау жеңімпазы /эссе бойынша/:

- Біздер, яғни жастар үшін бұл конкурстың маңыздылығы зор. Қазір қоғамда жемқорлық мәселесі өзекті екенін білесіздер. Сондықтан біз өз үлесімізді қосып, белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланымы», «Интернет ресурстағы үздік жарияланым», аталымдары бойынша жеңімпаздар марапаттталды.

Талант МЕДЕТ, ҚР  МҚІжСЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл форумның мақсаты жыл бойы атқарылған жұмыстарды талқылау мен қорытындылау. ОСы мақсатта түрлі шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Жастарды, журналистерді тартудамыз.

Бүгінгі танда сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру үшін департаментпен көптеген жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл байқау соның бір дәлелі. Айта кетелік, конкурстың мақсаты - өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесін насихаттау және қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ журналистер қауымы арқылы халыққа шынайы әрі толық ақпарат жеткізу.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...