ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙДІ

16:15, 20 қаңтар 2020

Соңғы 4 жылда аймағымызда сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендеген.Жаңа стратегияның арқасында жемқорлыққа қарсы қызмет пен халықтың өзара іс-қимылына ерекше екпін берілді.Аталған департамент өкілдері бүгін атқарылған жұмыстардың қорытындысын журналистерге мәлімдеді

2016 және 17-ші жылдар аралығында аймағымызда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 300-ге жуық құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Тіпті кейінгі жылдары олардың саны екі есеге  кеміген.Ал сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар арасында да дәл осындай төмендеу үрдісі байқалатынын айтады сала мамандары.Бұл жөнінде журналистерге  департамент басшысы  Денис Шакенов мәлімдеді.Оның айтуынша  бармақ  басты, көз қысты әрекетке жол бергендерді анықтауға көбінесе тұрғындар көмек көрсетеді екен. Ол үшін көмекшілерге ақшалай сыйақы төленеді. Былтыр белсенді түрде атсалысқан азаматтар бір жарым миллион теңгемен ынталандырылған.

Денис ШАКЕНОВ,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОБД  басшысы:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жариялаған  қылмыстар бойынша анықталған және өтелген шығын сомасы 2,4 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл өтелген шығын болып есептелінеді.

Департаменттің маңызды міндеті- сыбайлас жемқорлықты жою ғана емес, оның алдын алу болып табылады.Қоғамда қылаң беретін індеттің жолын кесу бойынша арнайы мониторингтік топтарда құрылған.Олар парақорлық жиі белең алатын салаларды бақылайды.Мысалы тараптар жүргізуші куәлігін алу,магистратура мен доктарантураға қабылдау емтихандарына қатысады.Қазір облыстық арнайы мониторинг тобына іріктеу жүріп жатыр.

Бейбіт ЖҰМАБЕКОВ, арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары:

-Қарағандылықтардың арнайы мониторингтік топқа қатысуға мүмкіндігі бар.Оның көмегімен мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқымен күресуге болады. Қабылдау қаңтар айының 30 –на дейін.Менің пайымдауымша аталған артықшылық сыбайластықты тосқауыл қоюдың  механизмі іспеттес.Біздің міндетіміз қоғамдық бақылау.

Құқық бұзушылықтың санына сейілту жолында «SARYARQA -адалдық алаңы» жобасы маңызды рөл атқарады.Бірегей бастама тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған. Өткен жылы жобалық кеңсеге тұрғындар тарапынан 215 өтініш келіп түскен.

Малика КҮСЕНБАЕВА, «Сарыарқа –адалдық алаңы»  жобасының басшысы:

-Аудандармен ауылдардағы сыбайлас жемқорлықты анықтау бойынша кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесулер өткіздік.Әрі әлеуметтік зерттеу жүргіздік.

Осы департамент сыбайлас жемқорлық фактілері байқалған еңбек ұжымдарымен бірлесіп экспресс-кездесулер ұйымдастырады.2019 жылы облыстың мемлекеттік органдарына  420 ұсыныс енгізілген.Оның 100-ден астамы еңбек ұжымдарында қаралған.Айта кету керек брифингке Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаевта  қатысты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар