ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

16:16, 30 шілде 2020

Жемқорлыққа - жол жоқ! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орыбасары Асхат Оразхан журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда 2020жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстарды баяндады

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны алдын алу - қазіргі таңда мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда, жемқорлыққа жол бермеу бағытында Агенттікпен бірқатар жобалар жүзеге асырылып, жүйелі жұмыстар жүргізілген. Нақтырақ айта кетсек, І жартыжылдықта Департаментпен 3 бастамашылдық және Агенттік тапсырмасына сәйкес 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасалған. Сондай-ақ, мамандар   сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 мониторинг жүргізген.

Асхат ОРАЗХАН, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АҚОБ департамент басшысының бірінші орынбасары:

-Бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған мемлекеттік сатып алулардағы жекелеген тапсырыс берушілердің бағаларды тым көтеру фактілері анықталып, 270 000 000 теңге шамасында мемлекет қаржысы үнемделді. Негізгі үнемдеу - автокөлік, компьютерлер, жиһаздар.

Мамандар 2020 жылдың 1-ші жартысында жүргізген  жұмыстар нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа жол беретіндердің басым бөлігі құқық қорғау органдары екендігін айтты.Ал білім саласындағы заңсыздық керісінше өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайған.Облыстық арнайы мониторингтік топ басшысы Ермек Әбілдиннің айтуынша , жемқорлықты алдын алуда ақпараттандыру жұмыстарының  орны ерекше.Мысалы елдегі карантиндік ахуал кезінде  департамент онлайн форматта жұмыс істеген. Сондай-ақ, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауатты ақпаратпен хабардар ету мақсатында  «Antikor.Live» жобасы іске қосылған.Соның арқасында халық құзырлы орган басшыларынан көкейдегі  сұрағына жауабын алады. Мамандар «Antikor.Live» жобасы арқылы осы жарты жылдықта 130 тікелей эфир өткізген.

Асхат ОРАЗХАН, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АҚОБ департамент басшысының бірінші орынбасары:

-Облыс бойынша 60 фронт-кеңселер және 14 сервистік әкімдіктер қызмет көрсетуде.Бұл халықпен құқық қорғау органдары арасындағы байланыстың етене жақын болуына септігін тигізеді. Қуантарлық жәйт, аталмыш форматқа көшуді қолдаған бірқатар құқық қорғау органдары да (сот, прокуратура, полиция) фронт-кеңселерді сәтті пайдаланып отыр

2020 жылдан бастап, «Адал көмек» жобасы  іске қосылды. Соның нәтижесінде  аудан, қала әкімдері 250 тікелей эфир өткізіп, 5000-нан астам азамат қажетті кеңес алған. Осы жоба арқылы қалалар мен ауылдардағы жеке тапсырыс берушілердің бағаны шамадан тыс көтергенді анықталды.Тексеру кезінде 270 000 000 теңге көлемінде мемлекет қаржысы үнемделді.  Сондай-ақ мамандар карантин кезінде медицина саласында да кейбір заңсыз әрекеттердің анықталғанын мәлімдеді. Мысалы,Октябрь ауданындық жедел жәрдем станциясының дәрігерлерді заңсыз 24 сағат жұмыс істеп келген.. Оларға ешқандай жағдай жасалмағаны белгілі болды..

Ермек ӘБІЛДИН, облыстық арнайы мониторингтік топ басшысы:

-Октябрь ауданы жедел жәрдем станцияларына  карантин кезінде дәрігерлерден келіп түскен шағым бойынша дереу жедел тексеріс жүргіздік.Нәтижесінде дәрігерлерге ешқандай жағдай жасалмаған.Біз барлығын анықтап, ала алмай жүрген ақшаларын,сондай-ақ, жатын орындармен қамтамасыз етуге көмектестік

Жаннұр СҮНДЕТТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар