ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН КҮРЕС ЖАҢА ФОРМАТТА

17:40, 6 тамыз 2019

Қаламыздағы «Senator» мейрамханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» көшпелі семинар өтті.Жазғы мектеп деп аталатын шараға қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, жетекші партиялар мүшелері мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты. Семинарды өткізуге халықаралық «Transparency Kazakhstan» компаниясы ұйтқы болған

Жазғы мектептің көшпелі семинары осы мен қазақстанның 18-ші қаласын қамтыған.Жоба жетекшілері Бірікккен ұлттар ұйымы бастамасын қолға алған. Осындай көшпелі жиындардың өтуі шетел тәжірибесін қолдануға зор мүмкіндік береді.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Бұл шараны  ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары  біздің облыста қарқынды жүруде. «Адалдық алаңы» жобасы да жұмыс істейді.

Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жаңа қазақстандық  таза қоғам құруға зор мүмкіндік дейді, оны ұйымдастырушылар

Ольга ШИЯН, «Transparency Kazakhstan» атқарушы директоры:

-Біз Қарағанды облысына келіп,сыбайлас жемқорлықпен күрестің шетелдік тәжірибесімен бөлістік. Және қазақстандағы жүйе жайлы айтып, күресу жолдарын талқыладық.

Жобаның серіктестері болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өкілдері болып, табылады.1ай ішінде халықаралық ұйым өкілдері еліміздің  барлық облыстары мен ірі қалаларында болған.Бүгінге дейін 800тындаушысына мамандар лекция оқып, оның маңыздылығы жайлы айтқан

Ермек ӘБІЛДИН, арнайы  мониторинг тобының басшысы:

-Бұл өте тиімді. Шетел тәжірибесін қолдануға зор мүмкіндік береді. Баяндама жасағандар жемқорлықты жою мен онымен күресу жолдарын тәтпіштеп айтты.

4 кезең бойынша ұйымдастырылған семинар, «халықаралық және қазақстандық» жүйеге бағытталды.Онда шетел мен Қазақстан республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүйелі жүруі салыстырмалы жағдайда өрбіді.

Денис ШАКЕНОВ, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жетекшісі:

-Өз кезегінде біздің департамент жемқорлық пен күресті күшейту жолында аянбай тер төгіп, бар біліктіліктерін салады. Сондықтан бүгінгі семинардың тиімділігі зор. Тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік береді.

Бейбіт ЖҰМАБЕКОВ, арнайы мониторинг тобының мүшесі:

-Сыбайлас жемқорлық пен баршамыз болып, күресуіміз қажет. Бұл ретте шетелдік тәжірибеге сүйену де артық етпейді. Сондықтан бүгінгі семинардың тиімділігі зор.

Жобаның жүзеге асырылуы қоғам назарында.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірлесе жүргізу, оның тамырына түпкілікті балта шабу,болып табылады дейді,оны ұйымдастырушылар 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар