ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ЖОЮ – МІНДЕТ

17:50, 25 мамыр 2020

Жемқорлық – қоғам дерті. Аймағымызда жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық бойынша 139 қылмыс ашылған. Олардың дені алаяқтық, қызметін асыра пайдалану арқылы жасалған. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту ісі де, белең алып отыр. Бұл БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды

Күрес күшейгенімен, жемқорлық азаймай тұр.   Алаяқтық, лауазымын асыра пайдалану, пара алу сынды жағымсыз әрекеттер қоғамды жайлап тұрғаны жасырын емес.  Осы орайда, жемқорлыққа қарсы агенттігінің облыстық департаменті  биылғы жылы атқарылған  жұмыстарға есеп берді. Заңсыз әрекеттердің деңгейін азайту мақсатында  бірқатар ұсыныстар айтты.

Асхат ОРАЗХАН, облыстық  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  агенттігі басшысының  бірінші орынбасары:

- 2020 жылдың басынан департаменттің тергеу басқармасымен 139 қылмыстық іс өндірісте болды.  Қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеу қорытындылары бойынша әртүрлі мемлекеттік органдарға 71 ұсыныс жолданды.

Ағымдағы жылы   20 басшы тәртіптік жауапқа тартылған.  Ал Теміртау қаласынан ішкі істер басқармасында  бір мезетте 4 адам басшы құқығынан айырылды.  Болашақта күдікті ұйымдар толығымен жауапқа тартылуы қарастырылған.

Асхат ОРАЗХАН, облыстық  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  агенттігі басшысының  бірінші орынбасары:

- Бұдан басқа, Қарағанды облысының әділет департаментіне, қылмыстық атқарушы жүйесі департаментіне, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалына, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің  су ресурстары бойынша комитетіне жолданды.

Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.   Заңсыз әрекетке  куә болған кез-келген азаматтар орталыққа хабарласуына болады.   Айта кетейік, жасырын түрдегі ақпараттар да негізге алынады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар