Жәйрем кентінде кенішлер мәдениет үйі жөндеу жұмыстарынан кейін қайыра есігін айқара ашты

14:13, 5 желтоқсан 2017

Оған Қарағанды облыс әкімдігімен «ҚазЦинк» ЖШС-нің «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ арасындағы мемарандумға сәйкес қомақты қаржы бөлінген. Енді жаңарған ғимаратта 150 ден астам жәйремдік тұрғындар өнердің түрлі қырын меңгере алады

Кеншілер мәдениет үйінің қазіргі келбеті көпшілікті қуантты.  Ғимарат 2 жыл бойы күрделі жөнду жұмыстарынан өткен. Мұнда барлық есік терезе ауыстырылып, қабырғалары әрленіп, қайта қалпына келтірілген. Бұған дейін төбеден су ағып, тіпті қабырғалары қопсып кеткен. Нысанды жаңартуға  «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ 125 млн теңге қаржы бөліпті. Алдымен жергілікті билік өкілдері жаңарған ғимаратт қарап шықты.  Мәдениет үйінде 8 үйірме жұмыс сітейді. Бұл ұлттық аспаптар, драма, вокал-эстрада, әжелер және отбасылық ансамблдер, бишілер тобы, қол өнер шебері және қуыршақ сыныбы. Мұнда  жаттығу залы мен іскер әйелдер клубы және интелектуалды даму орталығы да жұмыс істейді. Ал 900 оқырманы бар кітапханадан кез келген әдеби туындыны табуға болады. Осындағы үйірмелерге Жәйрем кентінен 150 ден астам адам қатысады екен.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА тілші

Мәдениет үйінде үрмелі, ұрмалы музыкалық аспаптар үйірмесі жұмыс жасайды. Мұнда күніне 2 сағат дайындалады. Болашақта мұндағы өнерпаздар үлкен ансамбль құрып, облыстық республикалық байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.

Түрлі талантты бойларына дарытып жүрген сол жастар  сахнада өнерлерін көрсетті.  Тетарландырылған көрініс қойып, мәдениет үйінің хор ансамблдері патроиттық ән шырқады.

Тілектес ДОСАЕВ Қаражал қаласының әкімі

Біздің мақсат пен міндет айқын. Нақты қадамдар арқылы алға қарыштай беруіміз керек. Елбасының «Рухани жаңғыру»  бастамасы әр азаматқа туған елдің түтінін түтетуге жол ашады. Сондықтан бүгінгі мәдениет үйінің қайта ашылу салтанатымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Мереке күні Жәйрем кентінің тұрғыны көп балалы Құндыз Төлегенова күміс алқа иегері атанды. 29 жастағы келіншектің  6 перзенті бар. Балаларының барлығы осы мәдениет үйіндегі үйірмелерге қатысады екен. Сондықтан бұл шара жас ана  үшін қос мерекеге айналып отыр.

Құндыз ТӨЛЕГЕНОВА Жәйрем кентінің тұрғыны

Мәдениет үйі жарық, жылы барлық құралдармен жабдықталған. Жәйреміміздің осылай көркейіп келе жатқанына қуаныштымыз. Осындай жаңарып жатқанды көргенде бала туа бергің келедеі, осындай үйірмелерге әкеле бергің келеді.

Мұндағы 400 орынға шақталған көрермен зал бұл күні лық толды. «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ келесі жылы  бұл ғимаратқа орталықтандырылған жылу жүйесін қосуды жоспарлап отыр. Айта кету керек, бұл аталған өндіріс орны мен  облыс әкімдігі арасындағы мемарандумның жемісі.

Алексей БУРКОВСКИЙ «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-ның басқарма төрағасы

Біз келесі жылға да мемарандум дайындап қойдық. Мәдениет үйінен бөлек, орталық арухананың жөндеу жұмыстарын қолға алдық. Сонымен қатар 150 млнға мешіттің құрылысын бастаймыз. Діни мекемеме 350 адамға шақталатын болады.

Кеншілер мәдениет үйіндегі өнерпаздарға 26 маман қызмет көрсетеді. Келешекте шығармашылық ұжым жетіген тәрзді көне аспаптарды жаңғыруды көздеп отыр. Сонымен қатар рэп пәнімен киізден бұйымдар жасау шеберлік сыныптарын ашу жоспарларында бар.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...