«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ» ЖОЛ БЕРЕЙІК!

16:32, 27 ақпан 2020

«Жол бер де, өмірді құтқар!». Қарағандыда осындай ерекше атаумен рейд жұмыстары жүргізілді. Жол потрульдік полиция қызметкерлері және жедел – жәрдем бригадасы қатысқан шарада облыс орталығының жүргізушілері сыналды. Полиция өз кезегінде науқасқа асыққан қызметтік көлікке жүргізушілер тарапынан көрсетілген құрметке баға берді. Айта кету керек, профилактикалық жұмыс «SARYARQA ADALDYQ ALANY» жобасы аясында жүзеге асты

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, тілші:

- Қарағандылық жүргізушілер науқасқа асыққан жедел – жәрдем көлігіне жол береді ме? Жалпы кенді шаһардың темір тұлпар тізгіншілері қаншалықты мәдениетті? Бұл туралы қазір Жол потрульдік полициясы мен жедел – жәрдем қызметкерлерінің қатысуымен болатын арнайы рейдте бірге білеміз.  

Ақ халаттылардың темір тұлпарына мініп, шұғыл көмек қажет науқасқа асыққандай болдық. Қозғалысы сейілмейтін, көлік ағыны қалың деген көше бойымен шамамен жарты сағат тоқтаусыз беттедік. Осы уақыт аралығында қызметтік көлікке жол бермеген бірде бір машинаны көзіміз шалмады.

Медет ТҰРЖАНОВ,  Жедел жәрдемнің қозғалыс қауіпсіздігі инспекторы:

-Жедел жәрдемнің қаншалықты жүргізушілерді өткізуіне байланысты, бір адамның өмірін құтқарыпиқалуға болады. Осындай шаралардың арқасында, өткен жылмен қарағанда осындай жол көлік оөиғаларының саны азайған.

Жарты сағаттық үздіксіз қозғалыстан кейін 45 орам шағын ауданында Ниссан маркалы автокөлік тәртіп бұзып, қателікке бой алдырды. Сол мезетте ізімізді суытпай соңымыздан келе жатқан полицейлер жол бойында айыптыны дереу тоқтатып, ескерту қағазын берді.

Архат РЫМҚҰЛҰЛЫ, Қарағанды қаласы потрульдік полиция полкінің командирі:

-Бұл шаралардың маңыздылығы - Қарағанды жүргізушілерін тәртіпке шақырады. 450 - ші бұйрық бойынша жедел - жәрдемге қызыл бағдаршамға, қарсы бағытқа шығуға рұқсат етіледі.

Жалпы, жыл басынан бері Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен 7 авария орын алған. Оның үшеуі сот үкімімен қызметтік машина тізгіншісінің еншісіне шешілді. Мамандардың айтуынша мұндай статистика темір тұлпар иелерінің мәдениеттілігі мен жол ережесін жете меңгеруімен тығыз байланысты. Ендігі жерде осындай жағдайлардың алдын алу үшін «SARYARQA ADALDYQ ALANY» жобасы аясында түрлі шаралар қолға алынады.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар