ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРДІҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТТІ

16:38, 12 маусым 2019

Қарағанды қаласының түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық байқауы өтті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған «Үміт-2019» конкурсы кеншілер шаһарының 85 жылдық мерейтойына арналған

Дәстүрге айналған «Үміт» байқауына биыл 45 сурет пен 27 қолөнер бұйымдары қойылған. Көркемсурет аталымы бойынша суретшінің ерекше шеберлігі, сурет салудағы техникасы мен динамикасының артықшылықтары ерекше көзге түседі.Қазылар алқасы темір тордың ар жағындағы өнер иелерінің туындылары  арасынан сұрыпталған  алты азаматтың еңбегін бағалады.

Наталья ИВАНИНА, қазылар алқасының мүшесі:

-Бұл туындылардың ішінде басы артық дүние жоқ. Бәрі бірінен-бірі өткен шеберлер . Тіпті, сотталушылар кейбір суретке  өз өнімдерін енгізген. Мұншама керемет дүниелер бар.

Ұсынылған туындылар ішінде сотталушылардың өмірге, қазіргі қоғамға деген көзқарастарын сезуге болады. Көрмеге тартылған суреттің тақырыбын  жазасын өтеушілер өздері таңдаған. Олардың қылқаламынан шыққа туындылардың арасында  мешіт пен кеменің макеттер ерекше бейнелеген.

Еркебұлан МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тәрбие бөлімінің басшысы:

-Дәстүрлі түрде өткізілген байқау-көрмемізге мерзімін өтеушілердің үздік туындыларын қойып отырмыз.  Мұндай шараға қатысу олардың тәртіптік анықтамасына да оң септігін тигізеді. Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай ұйымдастырып отырмыз. Біздің департамент үнемі оларға материалдық тұрғыда көмектесіп, шығармашылық жұмыспен айналысуларына жағдай жасайтынын айта кеткен жөн.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқандардың арасында жаңқаға жан, темірге тіл бітірген  хас шеберлер де бар. Көркем дүниелерді қарағандылықтар тапжылмай, тамсана тамашалады. Жылдағыдай, бұл тың туындылар мен қол өнер бұйымдары қарттар үйіне, интернаттар мен бейімдеу және оңалту орталықтарына сыйлық ретінде жасалады. Әлбетте, темір тордың әр жағындағы мерзімін өтеуші жандардың өнеріне тәнті көрермендері де көптеп  табылары сөзсіз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар