ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚТАРЫН КӨРСЕТТІ

15:43, 11 қазан 2018

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің командирлері тәжірибе алмасуда. Оқу әдістемелік жиын 10-12 қазан аралығын қамтымақ. 4 облыстың әскери сала қызметкерлері шеберліктері сынға түскен

Барлық әскери бөлім командирлеріҰлттық ұланның арнайы мақсаттағы жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында бас қосты. Үш күнге созылатын оқу-әдістемелік жиынға 20 әскери бөлім командирі қатысуда. Атап айтқанда, әскерилер Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан жиылған. Алдымен, бөлім басшылары бронды техникасымен судың астына түсіп, өзіндік шеберліктерін көрсетті. Нақты айтқанда, танкінің ішінде болатын арнайы механик, инженер, нысана көздеуші кәсіби мамандардың міндетін командирлер бұлжытпай орындап шығу міндеті қойылды.

ЕрланИПАТОВ,  66 97 әскери бөлімінің командирі / Қостанай облысы/:

-Үш күндік оқу жаттығудың алғашқысында бронированный техниканы Қолбасшымыз Еркін Советбекұлы Ботақанов өзі бастап, өзімізде судың астында айдап өттік. Мұнда үйренгенімізді біз өз әскери бөлімде үйрететін боламыз. Таңғы тоғыздан бері түрлі жаттығулардан өтіп жатырмыз.

Мұндай әскери бөлім командирлері арасында біліктілікті арттыру тұңғышрет өткізіліп отыр,- дейді сала жетекшілері. Көзделген негізгі басымдық әскердің алдыңғы буын офицерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға бағытталған. Яғни, әскери бөлім командирлері де сап түзеген сарбаздай кез келген жағдайға дайын болуы шарт. Осы мақсатта қатысушылар жауынгерлік дайындықтың негізгі түрлерінен: ату қаруымен, дене дайындығы, әдістемелік және әскерді басқару өнерінен сынақтар тапсырды.

Алтынбек ЖҮСІПОВ,  «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

-Әскери бөлім командирлерінің жатығуы өтуде. Бұл соңғы 9 айдағы жүргізілген жұмыстар қорытындысы мен қандай кемшіліктер бар, кімде қандай қателіктер болды? Осыларды анықтау, сосын 2018жылы тіркелген кемшіліктер бойынша 2019 жылы бірқатар жұмыстарды атқару, қалыпқа келтіру, тәжірибелерін шыңдау болып отыр.

Ал, 600 метр қашықтыққа дөптигізу міндеті мен қаруды басқару әдісін бөлім командирлеріне алғаш болып, генерал-майор Еркін Ботақанов бағдар берді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы  2000метрде орналасқан нысанды сұлатып түсіретін қарудың ерекшеліктерін де жіктеді.

Бөлім командирлері жауынгерлік ұрыс жағдайына бейімделген түрлі сипаттағы дабылға әркез дайынбыз, дейді. Ал, Ұлттық ұлан Қолбасшысы бұйрығымен басталған жаттығу жиыны соңғы тоғызайдағы жиған тәжірибенің кемшін тұстарын анықтауға бағытталған. Әрбір көзге көрінген әскери бөлім командирлерінің салғырттығын 2019 жылы жаппай жетілдіруге жұмыс жасамақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар