ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ

16:57, 20 наурыз 2020

Биыл Қарағанды облысы бойынша 20 газ қысымын тазалайтын және оның зиянды қасиеттерін анықтайтын қондырғы орнатылады. Олар онлайн режимде атфосфералық ауаның жағдайын қадағалайды. Дәл осындай бақылау жүйесі Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында пилоттық режимде сынақтан өтуде

Аймақтағы ірі 17 өндірістік кәсіпорын зиянды қалдықтар шығарады. Сондықтан экология мәселесі қашанда өзекті болып отыр.Облыстағы  өнеркәсіптік потенциалының өсуі  - қоршаған ортаға техногендік тұрғыдан әсер ететінін анық. Ал қалдық заттардың 80 пайыздан астамы  АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Қазақмыс "корпорациясы"ЖШС кәсіпорындарына тиесілі. Былтыр кәсіпорындардың экологиялық іс-шараларға кеткен  инвестиция көлемі шамамен 18 миллиард теңгені құраған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар