ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ НАЗАРДА!

17:33, 11 шілде 2018

2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындғы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анағұрлым артқан. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісі аталған өзекті мәселеге арқау болды. Онда жастарды жұмыспен қамтудың тиімді тетіктері талқы таразысына салынды

2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15-28 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 5,2% -ды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары. Тіпті, аймақтың алты өңіріндегі көрсеткіштер одан да асып түскен. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Теміртау, Қаражал және Ұлытау аудандарында тіркелсе,  Қарқаралы, Ақтоғай, Абай аудандарында жастарды жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапқан

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, облыстық  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жетекшісі:

-Жастар саясаты жөніндегі негізгі бағыттар мемлекеттік бағдаламада айқын көрсетілген. Жыл басынан бері әкімдіктер мен және жастар ресурстық орталықтары мен бірлесе жұмыс жүргізудеміз. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Серпін-2050» ілкімді жобалары қанат қақты.

Аймағымызда жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту бойынша ұзақ мерзімді ілкімді жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа биылғы жылы облыста он миллион теңге бөлінген. 2015 жылдан бастап «Бизнес-мектеп» жобасы қанат қағып, қазір жүзеге асырылуда, оған қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту бойынша арнайы оқу   курстарынан өтуде

Аппараттық жиналыста көтерілген тағы бір өзекті мәселе - маусымдық шомылу кезіндегі тілсіз жаудың салдарынан болатын оқиғалар мен апаттың алдын алуға арналды. Шомылу маусымы басталғалы бері облыстың су қоймаларында 7 адам суға батып кеткен. Енді мұндай жағдайларға жол бермес үшін сақтық шараларын күшейту   қажет дейді,- облыс басшылығы.

Анатолий ШКАРУПА,  Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары:

-Қауіпсіздік шараларын тек жүзу маусымында ғана нығайту жеткіліксіз деп санаймын. Оқу жылы басталғанда да,  сыныптағы шәкірттерге қауіпсіздік шаралары жайлы қосымша сабақтар өткізу қажет.Сонымен қатар, мектептегі бассейндерде оларды жүзуге үйрету қажет

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өз орынбасарының бұл бастамасын қолдады. Сонымен қатар, аймақ басшысы демалыс күндері, әсіресе ыстық күндерде су қоймаларының жанындағы патрульдік күзетті  күшейтуді, сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізуді қадап тапсырды.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...