ЖАСТАР ЖЫЛЫНА ТАРТУ

13:36, 19 қыркүйек 2019

Жастар жылындағы жаңашылдық. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жастар орталығы, жастар аллеясы және жаңа IT алаңы ашылды. Тың бастамалар студенттердің сан салада біліктіліктерін шыңдауға бағытталған. Жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осында тұратын 2500 жастың қолданысына берілді

Биыл алдымен «Жастар» аллеясы студенттер игілігіне берілген болатын. Аумағы аббаттандырылып, жарықтандырылып, 150 түп түрлі ағаш отырғызылған. Спортқа жаны жақын жастар үшін футбол алаңы салынған.  Талапкер таза ауда отырып-ақ  тегін WI-FI желісін пайдалана алады.  Бірқатар жатақханаларда жаңаланған.

Ержар ЫБЫШЕВ, ҚарМУ ректорының міндетін атқарушы:

-Барлық жатақханалар жаңартып ремонт жасадық. Ыстық су балалар душ алғанда вентеляция жұмыс істемей орнына басқасын орнаттық.Жаз бойы ремонт ажадық қазір дайын.  Кір жуғыш машиналарды қойдық.

Ал мынандай «Жастар» орталығы әзірге облыста жалғыз. Салтанатты ашылу сәтін  жатақханадағы студенттер көптен күткен.  Бұл бос уақытты титімді пайдаланудың таптырмас жолы.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

-Ең біріншден Елбасынан бастап бүгінгі Президент Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай жастардың күш қуаты иновациялық жолда сендердің денсаулықтарын жақсы болып, жан жақты болуларын көшбасшы бастауын сіздерден үміттенеміз.

Орталықтағы мына конференц залда студенттер түрлі шаралар мен конференциялар өткізе алады. Кофе-брейк үшін шағын дәмханада ашып қойған.  Заманауи технологиялық компютерлермен жабдықталған коворкинг алаңы жаңа жобаларды жүзеге асыруда таптырмас орын. Петрапавл қаласынан келіп, оқып жатқан Нарқыз Рахымгерей осы жатақханада 4 жыл тұрады.    Университет ішіндегі биылғы жаңашылдықтар жастар жылына нағыз тарту болды дейді,-талапкер. 

Наргиз РАХЫМГЕРЕЙ, студент:

-Жылдан жылға студенттердің саны артып келеді. Сондықтан осындай жастар орталығының ашылуы, коворкинг алаңының бары біз үшін үлкен мүкіндік. Семинар өткізіп, сырттан спикерлер шақырып балалармен бас қосып, студенттердің дамуына үлес қосады. Университет басшылығын алғысымыз шексіз.

Қарағанды мемлекеттік универстетінің бас корпусында  да IT орталығы ашылды. Мұнда студенттер стартап жобаларын әзірлей алады. Робототехника  және 3 D моделдеу үлгісімен жұмыс жасайтын да алаң бар. Бұл күні білім ордасының биылғы жетістіктерін әспеттейтін арнайы көрмеде ұйымдастырылған. Мұнда әр факультет оқытушылар мен студенттердің толайым табыстары көрсетілген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» бастамасы аясында әрқайсысы   49  кітап әкелген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Жастар жылына бағытталған ілкімді істер келесі жылы да жалғасын табатын болады.  2020 жылы заануи үлгіде жатақхана құрылысы салынады . Сонымен қатар бау бақша мен ғылыми орталық ашылатын болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар