«ЖАСТАР ЖЫЛЫ – 2019»

15:40, 9 желтоқсан 2019

Қарағанды облысында «Жастар жылы» салтанатты түрде өз мәресіне жетті. Соңғы он екі айда атқарылңған жұмыстың қорытындысы шығып, белсенді буынның жетістектері мерекелік шарада ортаға салынды

Жаттанды құттықтау сөздері бұл күні болған жоқ. Аймақтың жалынды жастары жиылған бас қосуда облыс әкімі Жеңіс Қасымбек пен Республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев  төрден табылды. Ерекше форматта өрбіген кездесуде ел келешегі атанған өскелен ұрпақ өкілдері, өзегін өртеген сауалдарын жолдап, кеш қонақтарынан бүкпесіз жауап алды. Ашық сұхбат алаңына айналған көрініс көпшілікке  өте ұнады.

Алик ШПЕКБАЕВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:

-Қарағанды облысына іс – сапармен келгеніме қуаныштымын. Жалпы, тәжірибесі мол адам ретінде, кез – келген жерге барғанда ол кәсіпорынның қандай деңгейде жұмыс істейтінін бірден көремін. Менің ойымша, орсы орайда, ең маңыздысы әр адам өз міндетіне жауапкершілікпен қарасы, жақсы нәтиже болады. 

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, тілші:

-Жастар жылы тәмамдалды, қорытындысы шықты. Белсенді буын өкілдерінің қанатын қатайтқан он екі айда жеткен жетістіктер де жетерлік. 20 мыңнан аса жұмыссыз жас, тұрақты еңбекпен қамтылып, 1054 адам жеке ісін ашып, қайтарымсыз гранттардың шапағатын көрді. Оқу орындары жаңа жатақханалармен қамтылып, ел болашағының кепілдігі атанғандардың жағдайы жан - жақты жасалды. Ілкімді іс легі осымен шектелмек емес.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Жастар саясаты бағытында атқарылатын жұмыстар мұнымен шектелмейді. Мәселен, ағымдағы жылы ауыл жастарының кәсіпкерлікпен айналысуына 10 млн теңге бөлінсе, келер жылы бұл сома 10 есеге көбейіп, 100 млн теңгені құрамақ. 

Ертеңгі ел қамын ойлаған белсенді жастардың елеулі еңбегі де ескерусіз қалмады. Салтанатты шарада 16 жас азаматқа  облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып және тағы 3 талаптының мерейін Алик Шпекбаевтың арнайы марапаты үстем етті.   

Құрметке ие болғандар қатарында Ақтоғайлық ұстаз Саламат Мүбәрәк та бар. Ән айтудың қыр – сырын жете меңгере білген талантты жас, сол ауданда вокалды ансамбльдің негізін қалаған. Оның қол астындағы ұжым Түркия төрінде өткен әлемнің 21 елінен қатысқан байқауда оза шауып, гран при иегері атанды. Дәстүрлі өнерді насихаттауда аянбаған азамат бұл күні құрметке ие болғандар қатарынан табылды.  

Саламат МҮБӘРӘК, марапатталушы:

-Осы салада еңбек еткеніме 6 жылдан асты. Жастарға дәстүрлі әннің қыр – сырын үйреттім.

Шара соңы, эстраданың жарық жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке ұласты.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар