ЖАСТАР ЖОБАЛАРЫ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

13:30, 3 қазан 2019

Қаламыздағы Достық үйінде жастардың келелі стартап жобаларының тұсаукесері өтті. Ол, «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында ұйымдастырылған

Жастар қоғамның қозғаушы күші.Өйткені жас буынның ілкімді жобаларға қатысып,ел игілі  үшін еңбек етіп, белсенділік танытуы экономикамыздың қарыштап дамуына қосқан сүбелі үлестеріңнің бірі болса керек.Бұл жолы да олар меценаттар мен инвесторлардың сараптамасы мен қолдауын қажет ететін өзекті стартап жобалардың тұсауын кесіп,өз жұмыстары мен таныстырды

Айгерім МӘЖИТ, жеке кәсіпкер /Теміртау қ./:

-Балалар киімін тігуді қолға алдым. Енді алған қаржыға оны кеңейтуді қолға алмақпын. Бұл өте тиімді.

Осы жолғы шараға «Атамекен» кәсіпкерлдер палатасының өкілдері, «Нәтиже», «220 вольт» құрылтайшылары, азаматтық бастамалар орталығы, «Рухани жаңғыру» кеңесінің жауапты мамандары жеке кәсіпкерлердің жұмыстары мен танысып,жастардың жаңа жобасына қолдау көрсетті

Абай ОТАРБАЕВ, кәсіпкер /Қарағанды қ./:

-Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолауы мен өтіп жатыр. Жастар жобасы қанат қақты жобалардың бірі. Мемлекет тарапынан қолдау зор.

3 мыңға жуық жас кәсіпкер,өз әлеуметтік жобаларын ұсынып, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, грант ұтып алған. Енді олар осы қаражатқа қондырғылар алып,шаруаларын кеңейтуді жоспарлап отыр.Бұл аймақ жас кәсіпкерлеріне зор қолдау болды дейді, жаңаарқалық кәсіпкер Айым Итбаева.Ол шағын инкубатор арқылы құс өсуруді қолға алған  

Айым ИТБАЕВА, жеке кәсіпкер /Жаңаарқа ауданы/:

-Құс өсіруді қолға алдым. Оның тиімділігі өте зор. Қаз және үйректердің балапандарын инкубаторда өсіруді қолға алдым. Оның тиімділігі зор.

Іс-шара барысында үздік стартап-жобалар жариялын,барлық қатысушы жас кәсіпкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.Шараға  «Жаңғыру жолы» республикалық жас қоғам өкілдері және этон-мәдени бірлестіктер өкілдері студенттер, оқушылар, кәсіпкерлер сондай-ақ, аймақтың белсенді жастары қатысты.Оны  өткізуге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі жан-жақты қолдау көрсеткен

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар