ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

15:59, 13 мамыр 2019

Облыс орталығында мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер арасында дебат ойындары өтті. Пікір-сайысқа қатысшыулар «Мемлекеттік қызметтің болашағы» тақырыбында ой қозғап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын ортаға салды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырған дебат американдық парламент форматында өтті. Ресми тілде ой бөліскен мемлекеттік қызметшілер мен студенттер 16 команда бойынша  тартысқа түсті.  Алдымен, студенттерге жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою мен әділеттілік орнату жайында ұсыныстарын  айтады.Белгіленген уақыт мөлшері 15 минут.

Еркеназ БАЙСЕЙІТОВА, индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің маманы:

-Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы жоғары. Өз тәжірибемді арттыруға септігін тигізер деп ойлаймын.

Болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстыратын студенттер жемқорлықпен күресте Сингапур тәжірибесін әлемдік деңгейдің көшіне балады. Аталған жарыс мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Басты талаптардың бірі- көзделген мақсатқа бастамашыл, білікті және бәсекеге  қабілетті кадрлерді даярлау.

Жандос СӘРСЕНОВ, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы:

-Мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер арасындағы дебат өзіндік сипат қалыдарыр сөзсіз. Бізге де тиімді ұсыныстар болары анық.

Сайыс қортындысы бойынша, 32 қатысушы арасындағы жеңімпаздар дипломдармен қатар сыйлықтармен марапатталады. Ал, көш бастаған команда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде облыс абыройын қорғайтын болады. 

Мақсат БЕЙСЕНАЕ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар