ЖАСТАР ҮНДЕУДІ ҚОЛДАДЫ

15:43, 13 наурыз 2018

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жақсылықтың жаршысындай, кемел келешектің хабаршысындай

Мемлекет басшысының ұтымдыда, ұтқыр Үндеуіне облыстық мәслихаттың депутаты Бекзат Алтынбеков осындай үн қосты.Халық қалаулысы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттеріне  Президенттің мәлімдемесіндегі айқын бағыттарды нақтылап насихаттады. Облыстық мәслихаттың депутаты жақында жарияланған Елбасы үндеуінің халық пен әсіресе жастар үшін маңызы зор екенін жеткізді.Ал зымыраған уақыт бір орында  тұрмайды.Бүгінгідей жаһандану дәуірінің көшіне ілесу заман талабы.Сондықтан егемен елдің жастары бәсеке қабілетті болуы шарт. Бекзат Алтынбеков -Президенттің бастамасында қосымша 20 мың грант бөлуге мейлінше мүмкіндіктер қарастырлығанында алға тартты.Демек оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға тиесілі.Яғни бұл мемлекет басшысының жастарға деген тағы бір қамқорлығының көрінісі.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ  облыстық мәслихаттың депутаты

Бүгінгі кездесудің басты себебі – мына көктеммен келген үлкен жақсы жаңалықтың жаршысы болған елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамасы үндеуін халықтың арасында терең насихаттап, жастарға осы 5 әлеуметтік бастама жайлы жалпы түсінік беру. Бұл 5 әлеуметтік бастама, менің ойымша, бүгінгі жастардың үмітін оятқан, болашаққа деген сенімін арттырған үлкен бастама.

Тараптар студенттерді жоғары білім алумен қана  шектеліп қалмай,бизнес саласына да  ден қоюға шақырды.Өйткені,  Елбасының маңызды мәлімдемесінде шағын несие беруді көбейтудің жолдарын ашып айтты, халық қалаулысы.Бұдан бөлек  депутат студенттерге биылғы үндеудің баспанамен қамтуға байланысты бағдарламадағы жеңілдіктердің ерекшелігін екшелеп, әрбір жастың еліміздің дамуына үлес қосуға талпынуы қажеттігін анықтап түсіндірді.

Гүлбану ӨЛМЕСБЕКОВА   Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенті

Бүгінгі біздің кездесуіміз жоғары деңгейде өтті. Бізге берілген, жастарға берілген үгіт – насихат бойынша біз, жастар, қызмет етеміз. Тыңдап, жалпы, өзіміз шешім қабылдаймыз. Біз өзіміздің мемлекетімізге қызмет ететін азамат ретінде, азаматша ретінде өзіміздің кірпішімізді қалаймыз деп толықтай айта аламын. Мен ғана емес, жастардың көбісі осы сеніммен келеді деген ойдамын. 

Жастарды «Қараөзек-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағытында магистральді газ құбыры тартылатын сынды жағымды жаңалықтарда елең еткізді.Келешекте аймағымызға қарасты 6 қала мен  бірқатар елді мекендер көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізеді.Соның арқасында өңір индустриясының тамырына қан жүгіріп, қуатты жобалар қанат қағады. Кездесу соңында халық қалаулысы орамды ойынәлеуетті елде, әлеуметтік мәселе болмауы тиіс деп түйіндеді.Ол үшін жастар мен жалпақ жұрт жұдырықтай жұмылуы қажет.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар