«ЖАСТАР» СЫЙЛЫҒЫ

13:12, 29 қараша 2019

Шахтинск қаласында «Жастар» сыйлығы жүлдесінің иегерлері анықталды.Бұл марапат қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жастарға берілді

«Жастар» сыйлығын табыстау қанаттас Шахтинскі қаласында жылдағы қалыптасқан дәсүрге айналған.Бұл жолғы байқау 6 аталым бойынша өтті. Барлығы 16 үміткер финалға шықты.Шахтинскі қаласы әкімінің «Жастар» жүлдесі сыйлығы осымен 12-ші рет беріліп отыр. Ол,қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан  жастарға және кәсіби шығармашылығы мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін тағайындалған.Сыйлық 14 пен 29 жас аралығындағы  белсенді үміткерлерге  беріледі.  

Сержан АЙМАҚОВ, Шахтинскі қаласының әкімі:   

-Мемлекет жастарды үнемі қолдап, отырады. Олардың қордаланып қалған мәселелерін шешуге ат салысады.Отбасын құрам деушілерге тұрғын-үй алуға да, жәрдемдеседі.Сапалы білім алуға да, жағдай жасалған.

Қала бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға  «менің жеке үлесім» аталымы бойынша екі жүлдегер болды. Соның бірі Ерсін Темірғалиев жеңіске  қол жеткізді.  Ол, Қарағанды облыстық Суретшілер одағының ең жас мүшесі. Қанаттас қаладағы биіктігі 2 метрлік «Қанатты барыстың»  авторы.

Ерсін ТЕМІРҒАЛИЕВ, көркем-сурет мектебінің ұстазы:

- Енді мынау, Елбасымыз 2019 жылды жастар жылы деп, жариялап жатыр.Шахтинскі қаласы әкімінің қолдауы мен жастар премиясы беріліп, жатыр.Бүгін міне, жеңіске жетіп, отырмын.

Жастар сыйлығының жүлдесін табыстау, «Үздік жоғары сынып оқушысы», «Колледждің үздік студенті», «Жастар көшбасшысы», «Жас кәсіпкер», «Менің жеке үлесім»,  «Жас спортшы» аталымдары бойынша өтті.Бір аталымда екі жүлдегер жеңіске қол жеткізді.Соның бірі   Амангелді Елмұратов. Ол, қазақстанның ауыр атлетика бойынша спорт шебері. 61 келі салмақ дәрежесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы біріншілікте 3-ші орынды иеленген.

Амангелді ЕЛМҰРАТОВ, ауыр атлетикадан спорт шебері:

-Мен өте қуаныштымын.Осы аталым бойынша жеңімпаз атандым.Бұл болашаққа сенім артады.Бүкіл отбасы барлығына рахметімді, айтамын.Қала басшылығына алғыс айтамын.

Шахтинскі қаласы әкімінің «Жастар сыйлығы» жүлдесі осымен 12-ші рет беріліп, отыр. Байқау жаңа мүмкіндіктер мен ілкімді ізденістерге жол ашады. Сондай-ақ, жастар қанатына қиял бітіреді. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар