ЖАСТАР СЕНІМІ – «СЕРПІНДЕ»

13:57, 11 шілде 2019

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің түлектеріне диплом салтанатты түрде табысталды. Аталған озық оқу ордасы «Мәңгілік ел жастары –индустрияға», «Серпін 2050» атты бағдарламасы бойынша биыл бірінші рет 200-ден астам жасты ұясынан ұшырды.Тас түлектерді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай арнайы құттықтады

Бұл күнгі шексіз қошемет пен қадірлі құрмет тек Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің түлектеріне арналды.Олар орындарына жайғасып, мақсат-міндеттерімен танысты. Салтанатты рәсімде сөз ұстаған Теміртау қаласы әкімінің орынбасары жастарға көрсетіліп жатқан мемлекеттің мол мүмкіндіктерін ерекше екшеледі. Мирас Құттыбайдың оймақтай ойы жастардың болашаққа деген сенімін нығайтып,санасын серпілтіп тастады.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

-Серпін бағдарламасы аясында жастарымыз оқумен қамтамасыз етілді. Енді жұмыспен қамтмасыз етілетін болады. Сондықтан бұл бағдарлама жыл сайын өседі.  Биыл осы мемлекет басшысы  мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев тағыда 5400 грант  жастарға бөлді. Жастарымыз тек қана алға! Осы алған білімдеріңізді еліміздің экономикасын арттыруға жұмсайды деген сенімдемін. Бүкіл жағдай сіздерге арналған.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің диплом табыстау сәті биыл айрықша форматта өткізілді.Осы жылы ордалы оқу орнын жалпы саны 600-ден астам түлек тәмәмдады.Студенттердің арасында 268 жас «Мәңгілік ел жастары –индустрияға», «Серпін 2050» атты бағдарламасы бойынша жоғары білім алған.Әлеуметтік жоба жастардың білімін шыңдап, тұрақты жұмыспен қамтуға негізделген.Ал қоғамдық шараларда белсенділік танытып, алғырлығымен алдына жан салмаған жас азаматтар «Үздік диплом» иегерлері атанды.

Бахыт ЖӘУТІКОВ, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры:

-Құрметті түлектерге сіздерге мықты денсаулық,  күш-жігер зор мақсаттар мен үлкен жобалар тілеймін. Жақсы жетістікке жете бергейсіздер.

Еламан Қайым «Серпін» әлеуметтік жобасының шарапатын көріп, шапағатын сезінгендердің бірі. Осыдан төрт жыл Түркістан облысынан ілім іздеп  келген  бозбала бүгін  күректей дипломын қолына алды.Мәртебелі мамандық металлург болып шыға келді. Енді ол құрышты қалада аянбай  қызмет жасап,ел дамуы үшін сүбелі үлесін қоспақ ниетте. 

Еламан ҚАЙЫМ, ҚарМИУ-дың биылғы түлегі:

-Мен мұнда  «Серпіннің» ең алғашқы түлегі болдым.Бакалавр дәрежесі бойынша биыл бітіріп жатырмын. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Барлық студенттерді «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға шақырамын.Бір жағынан мол мүмкіндік.

Сәні келіскен салтанат көңілді би, қазақы дәстүрмен өрілді.Университет жастары 2024 жылғы түлектерге хат жазылған капсула қалдырды. Елімізде «Мәңгілік ел жастары –индустрияға» - «Серпін 2050» бағдарламасы бес  жыл бойы  жемісті жүзеге асырылып келеді.Бағымды бастама  жастардың жарқын болашағына жол ашты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар