ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ ҚАЖЕТ ПЕ?

16:48, 2 қыркүйек 2019

Қазақстан Республикасының Парламент сенатының депутаттары «Жастар Парламентін» құруды ұсынып отыр. Жобаның құрылымы қазіргі таңда қызу талқыланып, қоғамдық талдану жүруде. Қарағанды облысының Сенат депутаты Сергей Ершов облыс орталығына жасаған іс – сапарында белсенді жастармен кездесіп, аталмыш жобаның шет жағасын танысытырып өтті

Жастар Парламенті жобасының негізгі мақсаты өскелен ұрпақ арасында саяси мәдениеттің  дамуына ықпалдасу, сондай – ақ оларды ерте жастан ел ісіне араласуға, маңызды шешімдер қабылдауға дағдылау болып табылады. Әзірге қаңқасы ғана дайын жобаны бүгінде атқамінерлер жер – жерді аралап, насихаттауда. Жас буын өкілдерінің пікірі тыңдалып, ұсыныстары мен пікірлері ескерілуде.

Сергей ЕРШОВ, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

-Біз бұл сұрақты ресми түрде алғаш реи көтеріп отырмыз. Жастармен, қоғаммен кездесіп, бұл «Жастар парламентін» қалай елестетеміз, қандай сұрақтарды көтереміз, көрші елдердің тәжірибесі қандай сынды мәселелерді ортаға салдық. Жастарға қатысты барлық мәселелердің шешімі жастар парламенті арқылы өтетін болады.

Қазіргі таңда көптеген оқу орындарында өзің өзі басқару жүйесі бір жолға қойылған. Яғни, әрбір білім ошағы белсенді жастардың арасынан өз президенттерін сайлап, министрліктерге бөлінген студенттер тобымен жұмыс істейді. Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінің «Жігер» ұйымы солардың қатарында. Жастар бірлестігін екі жылдан бері 4 курс студенті Жайдар Хайдаров басқарып келеді. Ол Жастар Парламенті құрылса оң өзгерістер орын алатынына сенім білдірді.  

Жайдар ХАЙДАРОВ, Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінің студенті:

-Жастардың парламентінің құрылуы өте жақсы шешім деп ойлаймын. Олар өмірде белсенді, сондықтан мәселелерді шешуге жақсы араласады. Осы Қазақстан Республикасындағы әрбір қиындықты неге жастарға да шешпеске? Оларда оған араласа алады.

Белсенді жастарды ашық әңгіме алаңына шақырған халық қалаулысы олардың ұсынысы және өзекті мәселелерімен де танысты. Жиын барысында орта және жоғарғы білім орындарын тәмамдаған жандардың жұмыссыз болуы, тәжірибелі мамандардың шетел асып кетуі секілді сұрақтар көтерілді. Аталған мәселеге «Қазақмыс» компаниясының өкілдері өз ұсыныстарын алға тартты.

Ерман АБДУЛЛОВ, «Қазақмыс» ЖШС – нің ІТ қызметі және сервистік қызмет көрсету басқармасының бас маманы:

-"Қазақмыс» корпорациясы бұл мәселелерді қарастырып, тиімді шешім ұсынылса, сіздерден мамандар тартылатын болады. Мәселен, біз автомазизация және ІТ салаларымен етене жұмыс жасап, шешімдер қабылдаудамыз. Сіздердің колледждеріңіз де соны құптаса, қуаныштымыз.

Мемлекеттік жастар саясаты заңы 2015 жылы 9 ақпанда қабылданған. Алдағы уақытта заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар