ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

16:13, 9 тамыз 2019

Абай ауданында «жастар жалыны» атты форумы болды. Ол, «ұсыныс білдір», «шешім қабылда», «әрекет жаса» тақырыбында өтті. Шараға қатысушылар 3 секция бойынша жүргізілген арнайы лекцияға қатысып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына толыққанды жауап алды. Форум жаңа форматта өтті

Абайлық жастар ел өміріндегі елеулі өзгерістер мен  жақсы жетістіктерді мүлт жібермей үнемі назарда ұстайды. Ал, форум мақсаты қазақстандық аудиторияның санасында икемдік пен ашықтықты қалыптастыру, кең ауқымды өзгерістер арқылы  жетістіктерге жету, - дейді ұйымдастырушылар. Форумда жастар бір-бірімен танысып қана қоймай, ортақ пікір алмасып, тәжірибе алысты. Қазір аудан бойынша 11 мыңнан астам белсенді жас қоғамның әр саласында қызмет атқаруда. Экономиканың негізгі өзегінің біріне айналған жастар кәсіпкерлігі де қарыштап даму үстінде. Бұл бас ақынның есімімен аталатын аудандағы форумда жан-жақты айтылды. Аудандағы ауқымды жұмыстар да жастар ұсынған жобаны  қолдауға бағытталған.  

Мөлдір ШАҒЫРБАЕВА, жастар ісі бойынша маман /Абай ауданы/:

-Форум жоғары дәрежеде өтуде. Бұл осымен 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жастардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Сәттілік тілеймін.

 «Жастар жылы» аясындағы өткен форум секциялық жұмыстармен жалғасты.Онда бизнесмендер шағын кәсіп ашып,оның несібесін көру тетіктерін айтса,теологтар жастардың діни сауатын ашу тұрғысында мағұлматтар берді.Ал, сән үйінің модельдері өз ісін ашам деушілерге бағыт бағдар беріп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Руслан САМАТАЕВ, дін істері басқармасының конфесияаралық қатынастар басқармасының жетекшісі /Қарағанды қаласы/:

-Біз жастарға басқа ағымның жетегінде кетуден сақтану жолдарын айттық. Олар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтардық. Діни сауаттылықтарын ашып, адасып-арбасудан сақтану жолдарын да тәтпіштеп түсіндірдік.

Түс ауа «жастар жалыны» форумының делегаттары аудан орталығындағы бассейн кешені алдында өткен флеш-мобқа қатысты.Осы жерде теннис және бассейнге жүзу бойынша    жарыстар өтті.

Алтынай ЖИЕМБАЕВА, Сарепті ауыл әкімі аппаратының бас маманы /Абай ауданы/:

-Жастар форумы өзгеше өтуде. Бұл «жастар жылы» аясындағы қолға алынған жұмыстардың бір парасы. Сондықтан барлық қатысушы жастарды құттықтаймын.

Абай ауданындағы өткен «жастар жалыны» атты 12-ші форум белсенді де іскер жастардың басын қосты. Жасапмпаз елдің жарқын болашағы жастарды аудан әкімі арнайы құттықтады.   

Бауыржан АСАНОВ, Абай ауданының әкімі:

-Құрметті жастар! Қадірменді қауым, Елбасымыз жастарға сенім артып, биылғы жылды «жастар жылы», - деп жариялады. Осыған орай ауданымызда «жастар жалыны» форумы өтуде. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Толағай табыс тілеймін.

Бауыржан Қоңырбайұлы өз ісін ашам деушілерге қолдау көрсетіп, екі үміткерге 1 жарым миллион теңгенің қайтарымсыз қаржысын беріп, арнайы сертификатын табыстады. Бұл қаржы ара шаруашылығын дамыту мен фитнес-орталығын құруға жұмсалмақ. Ал, аудандағы жастар ресурстық орталығына су жаңа шағын автобустың кілті табыс етілді.

Жастар форумы түн ортасына дейін жалғасты. Отандық және жергілікті әншілер жырдан шашу шашты. Шара соңы отшашумен аяқталды

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар