ЖАСТАР ДОДАСЫ

17:01, 21 мамыр 2020

Қарағандылық жастар үшін, азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыруға бағытталған дебаттық турнир өткізілді. Нәтижесінде, «Сарыарқа саңлағы» жобасын іске асырудың бірінші кезеңін аяқталды. Оған оқушылар мен колледж студенттері - пікір-сайыс турниріне онлайн негізде қашықтықтан қатысты

Облыстық турнирге  қатысушылар онлайн негізде  Американдық Парламенттік формат   және оқушылар арасында Карл Поппер форматы бойынша өткізілді. Бұл - дана тұлғаларымыз Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және  арттыра түсуге бағытталған. Жастар  арасында  пікірсайыс қозғалысын  дамыту, насихаттау  және қолдауды көздеген.

Аталған турнирге облысымыздың барлық жерінен 26 команда қатысты. Аталмыш сайыс елдегі төтенше режимге байланысты рухани  құндылықтарды дамытуға бағытталған. Турнирдің үздік спикерлері іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайларына, сондай-ақ командалық жұмыс істеу қабілетіне қарай анықталады. Дебат   3 іріктеу кезеңінен тұрады. 

Ерлан ҚҰСАЙЫН, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

-Мұндай турнирлердің маңыздылығы ерекше. Дебатқа қатысушылардың барлығына да жеңіс тілеймін.

Сайысқа қатысушылар: «Жалқаулық - прогресс қозғалтқышы», «Оқушы бастауыш сыныптан бастап бюджеттік жоспарлау және қаржы қаражатын үнемдеу дағдыларын меңгеруі тиіс» тақырыптарын қозғады. Олар білім беру жүйесі, бюджетті жоспарлау және қаржылық үнемдеуге қатысты ойларын ортаға салды.  Қатысушылардың шеберлігін пікірсайыс клубтарының өкілдері бағалады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубокпен және сыйлықпен марапатталды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар