ЖАСТАР ДІНИ САУАТЫН АРТТЫРДЫ

13:09, 10 қазан 2019

Қарағанды қаласындағы «Болашақ» академиясының студенттері діни сауаттылығын арттырды. «Дін және рухани мәдениет» атты профилактикалық кездесуде дін істері және конфессияаралық қатынастары секторының мамандары жастарға жат ағымдардан сақтанудың жолдарын жан-жақты түсіндірді. Студенттер зайырлылық пен ұлттық құндылықты насихаттаудың қағидаттарымен тереңнен танысты

«Дін және рухани мәдениет» тақырыбындағы профилактикалық кездесуде ақпараттық түсіндірме тобының өкілдері мен жастар ашық пікір алмасты. Шарада тараптар қоғамда қылаң беріп қалатын бүлдіргі ағымдардан сақтанудың  амалдары мен аспектілерін  ашып мәлімдеді. Мамандардың айтуынша  экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатында биыл 118 шара өткізілген. Соның нәтижесінде Қарағанды қаласындағы 10 мыңнан астам жас азамат ақпараттандырылған.

Индира СЫЗДЫҚОВА, дін істері және конфессияаралық қатыныстары секторының маманы:

-Шараның мақсаты жастардың дін сауаттылығын жетілдіру.  Террозимге қарсы  түсінік қалыптастыру болып табылады. Халық арасында түрлі акциялар ұйымдастырамыз.Осы бағытта  жұмыстары үздіксіз жүргізіле беретіні еш шүбәсіз.

Емен жарқын форматта өрбіген кездесу сұрақ жауаппен жалғасты. Өз кезегінде студенттер  дін істері және конфессияаралық қатынастары секторының испекторларына көкейлеріндегі сауалдарын жолдады. Ақпараттық түсіндірме топтың өкілдері  дәстүрлі  құндылықтар  мен бейбітшілік пен келісімнің мән -маңызын жастардың санасына салмақтап сіңірді. Бүгінде «Болашақ» академиясының оқытушылары  Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп ілкімді істерді ілгерлетуде.

Ерзат ЕРМАҒАНБЕТОВ, «Болашақ» академиясы қазақ тілі  және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы:

-Діни экстремизмге қарсы жұмыстар  бұл ұрпаққа  саналы тәрбие беруге септігін тигізеді.Зайырлы мемлекеттің көкірек көзі ояу  түрлі жат ағымдарға түспеу үшін яғни  жастардың келешегін кемел, жарқын болашағына кепіл болады.Осы мақсатта көптеген жұмыстар  жасап жатырмыз.

Профилактикалық шара шеңберінде 80-ге жуық студент діни сауатын арттырды. Солардың бірі Бексұлтан Шәкәрімұлы. «Болашақ» академиясының белсенді студенті келелі кездесудің келешегіне берері мол, танымы зор дейді.

Бексұлтан ШӘКӘРІМҰЛЫ,  Болашақ академиясының  3-курс студенті:

-Кездесу барысында біз  одан әрі  қарай мол мағлұмат алдық.  Келешегімізге қажетті көптеген пайдалы кеңестер естідік.Осындай шаралар тұрақты өтіп тұрады.  Сонымен қатар жалғасын табатынына сенімдімін.

Жиын барысында қатысушылар назарына арнайы слайд  ұсынылды. Айта кетейік жоспарлы дәріс  - діни экстремизм және терроризмге  қарсы іс –қимыл жөніндегі  2018-2022 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан мұндай шаралар жыл бойы жалғаса бермек.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар