ЖАСТАР ЧЕМПИОНАТЫ

13:29, 7 қараша 2019

Қарағандыда еліміздің барлық облысынан келген боксшылар бақ сынасуда. Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жастар чемпионаты жалауын желбіретті. Жарыстан үздік деп танылған спортшылар республикалық турнирге жолдама алады

Шың шеберге шаршы алаң да тұсау жоқ -демекші.Басты кезекте  сайыс - оғыландардың тактикаларын толықтыруға жол ашады. Ал бәсі жоғары бәсеке де сынға түскен боксшылардың осалы жоқ.Негізі Қарағанды бокс мектебінен талай мықты саңлақтар  шыңдалып шыққаны белгілі. Жарыста 2002-2003 жылдар аралығында туған спортшылар былғары қолғап түйістіруде.Дүбірлі додада топ жарған күрзі жұдырық иелеріне Атырауға жолдама беріледі.Өйткені аталған аймақта республикалық жастар чемпионаты өтеді.

Владимир ЧИЧАЕВ, бокстан облыстық  құраманың аға бапкері:

-Бүгінгі таңда жастар боксы жақсы дамып келеді.Ұлттық құрама команданың сапына Қарағанды облысынан 5 спортшы енген. Олар ел намысын абыроймен қорғап жүр. 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар