ЖАСАНДЫ ҰРЫҚПЕН 355 ОТБАСЫ СӘБИЛІ БОЛДЫ

12:25, 14 қаңтар 2021

Белсіздік пен бедеулік дерті жабысқан жандарға заманауи медицина көмекке келеді. Мысалы, Қарағанды облысында өткен жылы жасанды ұрықпен 355 нәзік жанды сәбилі болыпты. Ал, 898 отабсы «ЭКО» бағдарламасынан өтіпті

Заманауи технологияның көмегімен ана бақытына кенелген ДинараМоскаленко. Ол ер азаматымен шаңырақ құрағаннан кейін 8 жыл бойы сәби сүйе алмаған. Үміттің шырағы сөнуге айналғанда жасанды ұрықтандыруға жүгініпті. Осы күнде оның екі баласы бар.

Динара МОСКАЛЕНКО,   ана:

-2013 жылы бедеулік диагнозы қойылды. Себебі де анықталды. Содан кейін квотаға кезекке тұрдым. Бірақ біз кезекті күткен жоқпыз. Біріншісін ақшаға жасаттық. Содан қызды болдық.  Ал бес жыл өткен кейін квотаның кезегі бізге келді. Оны да жасатып, содан міне - ұлды болдық.

Динара Москаленко  тәрізді жасанды ұрықтандыру көмегімен ана бақытына кенелемін деген жандарға былтыр  «ЭКО» бағдарламасы жүзесе асты. Бұл  демография мәселесін шешуге бағытталған арнайы жоба. Оны іске қосу туралы тапсырманы өткен жылы Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында берген еді. Бағадарлама аясында 7 мың квота бөлінген. Оның 532-сі біздің өңірге тиесілі.

Татьяна СЛОБОДЧИКА, акушер-гинеколог:

- Квоталарды жүзеге асыру осы жылдың қаңтарынан басталды. Осы уақытқа дейін ұзақ кезекте тұрғандар Эко жасатып жатыр. Әр емхана боәйынша мониторинг жасалады. Сол арқылы біз бала сүйе алмай жүргендерді анықтап, осы бағадрламаға тартамыз. Оларға заманауи техналогия және квоталар хақында ақапарат береміз.

Бөлінген 7 мың квотаны көбейту үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Аңсаған сәби» бағдарлмасы іске қосылыпты. Бұл да президенттің пәрмені. «Аңсаған сәбидің» шарапатынан Қарағанды облысының отбасылары да үмітті. Өткен жылдың өзінде 898 отбасы бағдарламадан өткен. Бүгінде оның 225-сі жүкті екен. Олар дәрігерлердің бақылауында. 

Татьяна СЛОБОДЧИКА, акушер-гинеколог:

- Қарағанды облысына бұрындары да квота бөлінген. Бірақ, қажетті мөлшерде емес. Биыл квоталардың саны 7 есеге өсті.  Себебі квотаға мұқтаждардың саны көбейді. Жалып айтқанда, бағдарламаның нәтижелігі 25-30 пайызды құрайды.

Бөлінген квоталардың 60%-зы ауыл тұрғындарына берілуі тиіс.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУ ҮСТІНДЕ
16:41, 22 қаңтар 2021
МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУ ҮСТІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НЕЙРО-ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
16:26, 19 қаңтар 2021
НЕЙРО-ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...