ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ЖАРАДЫ

17:06, 16 мамыр 2018

«Салют талантов» халықаралық байқауының жеңімпаздары облыс орталығында гала концерт қойды

Айтулы сайыстың шыңын бағындырған жас дарындар Франция, Чехия, Италия  елдерінде көрсеткен өнерлерін ортаға салды. Бұл – Франция, Чехия, Италия  елдерінде өткен халықаралық сайыстың жеңімпаздары. Олар «Салют талантов» байқауында  музыка, көркем сурет, хореография бойынша сынға түсіп, үздік атанып қайтты. Ән аталымында бас жүлдеге ие болғандардың бірі - Рахат Саматұлы. Жас дарын вокалға қатысқанына 3 жыл болса да өзін Еуропа сахнасында мойындата білді. 

Рахат САМАТҰЛЫ, музыкалық байқаудың бас жүлде иегері

Маған байқау өте қатты ұнады. Өзіме жаңа достар таптым. Алдағы уақытта тағы осындай халықаралық жарыстарға қатысуды көздеп отырмын.

Ал, Айша Күзембаева фортепианода өнер көрсетіп, Чехия көрермендерінің қошеметіне бөленіпті. Бұдан бөлек 9 жастағы өнерпаз «Әртістік» аталымын да жеңіп алды. Небәрі 3 жылдың ішінде осындай халықаралық байқауға қатысып, Еуропадан жүлделі оралған баласының жетістігіне ата-анасы да дән риза.

Әлия КҮЗЕМБАЕВА, жеңімпаздың анасы

Әрбір ата-ана үшін баласының жетістігі үлкен мерейтойға тән. Біз бұл байқауға өте тыңғылықты дайындалдық. Әсіресе, ұзтаздарына ерекше алғыс айтамын. Бұл жеңіс - үлкен еңбектің нәтижесі.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, дарын иелерінің үлкен сахнаны бағындыруларына жол ашқан қала әкімдігіне және ұйымдастырушыларға байқауға қатысушылардың ата-аналары алғыс айтып, арнайы диплом табыстады.

Мешел ГҮЛБАН, жеңімпаздың әжесі

Қалалық әкімдікке, ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамыз.

Айта кету керек, жобаның ақтық кезеңі ағымдағы жылдың күз мезгілінде Санкт-Петербор  қаласында өтеді.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар