ЖАС МАМАНДАР БАЙҚАУЫ

16:21, 16 сәуір 2019

World skills аймақтық сайысы үш жыл қатарынан жалғасып келеді. Биыл байқау Абай Құнанбаев атындағы Саран қалалық гуманитарлы – техникалық колледжде өтіп жатыр. Облысымыздан келген 7 оқу орының жас мамандары өздерінің бақтарын сынайды. Қатысушылар берілген бес тапсырманы екі күннің ішінде мүлтіксіз орындауы тиіс. Сайыс қорытынды ертең жарияланады

Талап бойынша сайыскерлер жаңартылған білім мазмұнына сай тәжірибелерін ортаға салмақ.  Байқауға мектепке дейінгі тәрбие қызметкерлері мен бастауыш сынып ұстаздары іріктеліп келген. Олардың жұмысын  Ресейден келген тәуелсіз эскперт бағалайтын болады. Ол қағида мен ереже ұстанымына аса көңіл бөлуді мақсат етіп отыр.

ТИМУР МИНИХАНОВ,  Ресейден келген тәуелсіз эсперт:

-Біздің басты мақсат - даудамайды болдырмау. Ең мықтыларды таңдап, байқаудың әділ өтуін қадағалаймыз. Мен кеше Қазақстанның елордасында болып қайттым. Қонақжайлылықтарыңыз керемет. Екі елдегі тәжірибе алысуға осындай байқаулар өз септігін тигізетін болады.

World skills чемпионатының нәтижесінде жас ұстаздардың кәсіби шеберліктері артады ,- дейді ұйымдастырушылар. Соның арқасында әлемдік деңгейге шығу үміті де жоқ емес.

ҮМІТ ЗЕЙНЕТОЛЛИНА, бас эсперт:

-World skills әдістемесі әлемдегі ең озық тәжіриберелідің бірі. World skills әдістемесі бойынша чемпионатқа қатушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, жоғарғы көрсеткіштерін анықтауға және әлемдегі үздік тәжірибелермен салыстыруға мүмкіндік бар.

Жыл сайын өтетін байқауда қатушыларға қойылатын талаптар да өзгертіліп тұрады. Білім сұранысына қарай жаңартылған оқу жүйесі аясында келесі жылы робото техниканы енгізу жоспарға қойылған.  Осы ретте жас ұстаздардың айтары да бар.

НҮРГҮЛ ТАЛҒАТБЕКОВА, Жезқазған гуманитарлық колледжінің бастауыш мұғалімі:

-Жаңартылған білім беру бағдарламасы – ол заманауи ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болып табылады. Дәл осы күнге дейінгі берілген білімге барлық ақпарат беруші де, ізденуші де, түсіндіруші де мұғалім. Жастар жылына орайластыру өте сәтті қадам болатынына сенемін.

Гуманитарлық саладағы ұстаздарға арналған осындай игі шара тек аймақтық деңгеймен шектеліп отыр. Алдағы уақытта республикалық дәрежеде  қолға алса деген ұйымдастырушалардың тілегі бар.

ҮМІТ ЗЕЙНЕТОЛЛИНА, бас эсперт:

-Біз гуманитарлық мамандықтар әзірше аймақаралық байқаулармен шектеліп отырмыз. Дегенімен, болашақтан үмітіміз зор.

Мектепке дейінгі тәрбие мамандары мен бастауыш сынып ұстаздары сайысының  қорытындысы ертең белгілі болады. Жүзден жүйрік шыққан жас мамандар бірінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар