ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАРЫСТЫ

13:25, 16 мамыр 2019

Балқаш қаласындағы мектеп оқушылары құтқарушылық қабілеттерін сынайтын олимпиада өтті.Сайысқа қатысушылар өртті сөндірудің тәсілдері мен адамды судан құтқару және жараланғандарға жәрдемдесудің жолдарын көрсетті

Алғаш  болып екінші лицейдің командасы бағын сынады.  Олар былтырғы  бәсекеде чемпион атанған еді.Додаға түсетін топтардың реті жеребе тарту арқылы анықталды. Әрбір командадан алты қатысушы үш кезең бойынша  қабілеттерін ортаға салды.Өрендер судан құтқару және өрт сөндіру жабдықтарын орнату, жауынгерлік іздеу сияқты тапсырмаларды орындаудан жарысты. 

Қадырбек ЫДЫРЫСОВ, №2 мектеп-лицейі командасының капитаны:

-Мен  судан құтқару айналымында аянып қалмадым.  Әрине  маған жүктелген міндет оңайға соқпады. Табиғаттың тосын мінезі  толқын мен жел кедергі келтірді. Дегенмен  бар күшімізді жиып,намысқа тырыстық.

Әсіресе жауынгерлік іздеу кезеңі қызықты әрі әсерлі болды.Мәселен, екі  қатысушы жедел өрт сөндірушінің формасын киіп, судың көзін тоқтатуы  тиіс.

Бұл тапсырманы  кәсіби құтқарушылар  нәбәрі 30 минуттың ішінде тындырады.Бірақ мектеп оқушылары аталған жұмыс үшін  бір минуттан артық уақыт жұмсады.

Дамир РЫМБЕКОВ, №9 орта білім беретін мектептің  оқушысы:

-Мен  осы кезеңге үш рет қатысып,екі мәрте жақсы нәтиже көрсеттім.Мұнда бәрін тез әрі жылдам орындау шарт.Жарысқа көп дайындалдым.Әкемде көп көмектесті.Ол өрт өндіруші болып қызмет атқарады. 

Бәсеке барысында үміткерлердің бірі   өртті өшірсе, ал енді бірі жер сілкінісінен зардап шеккендерді құтқарып жатты.Дереу алғашқы медициналық жәрдем жасалып үлгерді.

Оқушылардың теориялық білімі де тексерілді.Олар алғашқы медициналық көмек көрсетуге бағытталған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.Нәтижесінде командалар  дәрігерлік емтиханнан сүрінбей  өтті. 

Жас құтқарушылардың атағын қала мектептерінің 6 командасы сарапқа салды.Жарыс қорытындысында №8 мектептің тобы жүзден жүйрік шықты. Екінші орынға  №2 лицейдің оқушылары лайықты деп танылды.Үшінші орынға   №9 мектеп табан тіреді.Қалған командалар белгіленген аталымдарға сәйкес марапатталды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар