ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ

15:36, 14 наурыз 2019

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы Нью-Йорк қаласында өткен «Біз қалайтын болашақ үлгісі: Жаһандық бастама 2019» халықаралық конференциясына қатысты. Екі оқушы конференцияның Үздік Делегаттары атағына ие болды. Жас көшбасшылармен тілшіміз кездесті

Халықаралық конференцияда әлемнің 136 елінен келген  1500-ге жуық жас көшбасшылар барлық адамзаттың күрделі мәселелеріне арналған пікір-таластарға қатысқан. Іс-шарада оқушылар жаһандық проблемалар бойынша әртүрлі елдердің ұстанымдарын таныстырып, өз шешімдерін ұсынды. Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Италияның Дипломатиялық Академиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Әйгерім ЕСМАҒҰЛОВА,  жаһандық перспективалар мұғалімі:

-Оқушылар Қазақстанның салт-дәстүрлерін көрсетті. Әйгілі адамдармен кездесті. 

28 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткен шарада жастар  әлем бойынша бейбітшілік пен дипломатия саласындағы үздік адамдармен кездесуге мүмкіндік алды.  Конференцияда біздің оқушылар Экономика және Қаржы Комитеті, Қарусыздану және Халықаралық Қауіпсіздік Комитеті, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта жөніндегі Ассамблеясының Комитетінде баяндамаларын оқыды.  Нәтижесінде қарағандылық Анара Сембекова мен Алишер Әзімбаев конференцияның «Үздік Делегаттары»  атағына ие болды. 

Анара СЕМБЕКОВА, Назарбаев зияткерлік мектебінің  оқушысы:

-Біз екеуіміз Комор аралдарының мүдделерін жеңіл және тұрақты энергетика тақырыбы бойынша қорғадық.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық конференцияда Қазақстан мен ТМД елдері арасында қатысқан жалғыз өкілдері болғанын айта кеткен жөн.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар