ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЗОР

17:10, 10 шілде 2018

Абай ауданында «Мемлекет және бизнес – тиімді әріптестік» атты форум өтті. Кездесуде іскер және атқарушы билік өкілдері өзара іс-қимыл жасау және орын алған кедергілерді жою мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, форум барысында екі бірдей жас кәсіпкер өз бизнестерін дамытуға грант ұтып алды

Абай ауданының әкімі  «Мемлекет және бизнес – тиімді әріптестік» атты форум барысында жас кәсіпкерлерге бизнестерін дамытуға гранттар табыс етті. Бұл гранттарға Топар және Южный кентінің жас кәсіпкерлері ие болды. Оларға өз істерін дамытуға 300 мың теңге берілді.

Топар кентінің тұрғыны Айя Янина ағылшын тілі мектебін ашып, жабдықтауға грант алды. Ал, Южный кентінде тұратын Әнел Талғатова қол жеткізген қаражатына тігін шеберханасын ашуды жоспарлап отыр.

Айя ЯНИНА, грант иесі:

- Алғашында кішкентай бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйретіп, қосымша сабақ өткізіп жүрдім. Кейіннен келушілердің қатары көбейді. Сондан, неге «Бизнес бастау» бағдарламасына қатыспасқа деп ойладым. Нәтижесінде, міне, грант ұтып алдым.

Жиынға облыстық басқармалардың жетекшілері, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының басшылығы, ірі өндіріс кәсіпорындарының басшылары, шағын және орта бизнес субъектілері, ауылшаруашылық құрылымдары қатысты.  Олар жиында баяндама оқып, бизнесті жүргізудің тиімді тұстары мен қыр-сырларына тоқталды.

Бауыржан АСАНОВ, Абай ауданының әкімі:

- Форумда бас қосып отырғанымызға қуаныштымыз. Әрдайым кәсіпкерлерге көмек көрсетіліп, бизнес дамып келеді. Оның айғағы осындай жиындар.

Форум аясында ауданда мемлекеттік қызметкерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда түрлі саланың мамандары тұрғындардың сауалына жауап беріп, онлайн түрде алуға болатын қызметтер жайлы жіті түсіндірді.

Ақбота СЫЗДЫҚОВА,  Абай ауданы әкімдігінің бас инспекторы:

-Мұнда тұрғындар «бір терезе» қағидасы арқылы барлық қызметті бір жерден ала алады. Мәселен, келушілердің бірі балабақшаға баласын кезеккке тіркесе, бірі зейнетақы қорында жиналған ақшасын білді.

Форум соңында қатысушылар аудан әкімі, Абай көпсалалы колледжі мен ауданның жұмыс берушілері арасында кәсіби мамандар даярлау туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...