ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

16:28, 14 қыркүйек 2018

Шет ауданындағы Ақсу Аюлы ауылында жаңа қонақ үй кешені бой түзеді. Ерекшелігі ғимарат тек ағаштан салынған. Заманауи кешеннің бағыта да өзгеше болмақ. Құны да халыққа қолжетімді. Шет ауданының 90 жылдық мерейтойына жас кәсіпкер Асқат Ахметов осындай тарту жасап отыр. Қазір жаңа нысан қонақ қарсы алуға толық дайын

«Шехризада» деп аталатын  кешен шығыс стилінде салынған. 30 адамға арналған нысанда   дәмхана, монша бар. Мұнда ғаламтор желісі тартылған, теледидар, тоңазытқыш тәрізді барлық керек жарақ бар.  Жас  кәсіпкер Асқат Ахметов дәмхана мен моншада спирттік ішімдіктер, темекі сатылмайды дейді. Ұсынылатын тағамдарда шығыс  бағытында болмақ. Бұл мақсатта  білікті аспаздар шақыртылуда. 

Асқат АХМЕТОВ, жас кәсіпкер:

-Бұл ауылдан кеткенімі 15 жылдың маңайы  болыпты. Астана қаласында оқуға түсіп, сол жақта жұмыс атқарып, оқуымд бітіріп, үйлі болып, семиялы болып. Бірақ туған ауылыма келген кезде осындай кешендер кафе моншалар аздық ететіні көрінді. Сондықтан мен өзімі баяғыдан үлкен арманым еді. Өз ауылыма келіп, бір осындай бір шаруа жасау.

Жас кәсіпкер құрылыс жұмыстарымен жиһаздар үшін 35 млн теңге инвестиция құйған. Ғимарат су өткізбейтін, жылуды сыртқа шығармайтын, суық кіргізбейтін ағаштан салынған. Материал Ресей елінің өнімі. Кешеннің ашылуы ауылдағы 10 адамға жұмыс тауып берді. Биыл Шет ауданында дәл осындай  9 шағын және орта бизнес өз жұмысын бастапты. Бұл мемлекеттік бағдарламалар жемісі.  

Аян КӘРІБЕКОВ, Шет аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімінің жетекшісі:

-Мемлекеттік бағдарламалар аясында былтырдың өзінде әр түрі несиелік қорлармен серіктестіктерден 1 милиард 82 млн теңгеге қаржы алынып, өз істерін жалғастыруда біздің кәсіпкерлер. Мемлекеттік  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында облыс әкімінің грантына ие болған біздің кәсіпкерлер биылдың өзінде 3 млнға Кеншоқы ауылында наубайхана ашылды.

Қазір Шет ауданында жұмыс жасайтын 2800 шағын және орта бизнесте 4 жарым мың адам еңбек етеді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Шет ауданында мұндай игілікті шаралар әрқарай өз жалғасын табатын болады. Жыл соңына дейін кірпіш шығаратын және қаңылтыр кесетін 2 цех ашылады. Сонымен қатар наубайханалармен монша еңсе тіктемек. Бұл қосымша 82 жұмыс орны ашылады деген сөз.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...