ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІ

15:13, 19 тамыз 2019

19-шы республикалық жас инспекторлар слет биыл Қарағанды қаласында өтті. Орталық саябақта он күнге жалғасатын доданың ашылу салтанатына қала басшысы келіп қатысты. Шараның мақсаты қандай және жүлделі орын алғандар қандай силықпен марапатталады?

Осымен 19-шы мәрте өтіп отырған жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен командалар жиналған. Биылғы қатысушылардың саны 200-ді құрап отыр. Ұйымдастырушылар жыл сайын өтетін слеттің мақсатын айтып кетті.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің өкілі:

- Ең басты мақсатымыз – балалардың арасындағы жол көлік жарақаттарының алдын алу. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балаларға жолда өзін-өзі қалай ұстау керек? Жол ережелерін қалай сақтау керек соны үйрету. Слеттің  барысында 8 байқау қарастырылған. Балалардың арасында, сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен білім қызметкерлерің үшін де, арналған конкурстар бар.

Көршілес елдерден келген қонақтар Қазақстанның тәжірибесімен алмасып, бөлісетін ақыл кеңесіміз де бар дейді. Дегенімен, ақтық мәреге дейін жан салып тырысатындарын алға тартты. Соның бірі Қырғызстан республикасы. Олар да өз жүйріктерін алып келген.

Тилек ОТОРОВ, Қырғызстан мемлекетінің өкілі:

-Балалардың қауіпсіздігі бойынша, жүргізіліп жатқан іс-шараның тәжірибесін алып отырмыз. Қатысушылардан тәжірибе алып кетуге әрекет қылып жатырмыз.

Қазақстанның намысын қорғағандардың  ішінде Қазақстан құрама командасы да бар. Олар Қарағанды облысы Растовка елді-мекеннен келген команда . Жаз бойы барын салып дайындаған жеткіншектер бірінші орынды қолдан бермейміз деп үміт ұялатып отыр.

Назира МЕДЕТ, қатысушы:

- Біз біріншіден жолда жүру тәртібін үйренеміз. Бұл жерде жолда жүру тәртібімен ғана шектелмейміз. Онымен қоса, адамдарға жолда жүру тәртібін үйретеміз. Бірінші орныды алуға келдік.

Аталған республикалық жарыс 10 күнге жалғасатын болады. Жүзден жүйрік шыққандар бағалы силықтарды иеленеді. Айта кетейік, былтырғы ойындарда Қарағанды өңірі бірінші орын алған еді. Биыл да сол қарқынмен келеді деген сенімдеміз.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар