Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жетістіктерін халық қалаулыларына көрсетті

12:45, 11 қаңтар 2018

Бірігей жобалармен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды облысындағы іс - сапары барысында танысты

5 жастағы Кирилл Шмарченко сенатор Сергей Ершовқа өзінің немен айналысатынын  айтуда.  3 сағаттың аралығында кішкентай құрылысшы қарапайым конструктордан түрлі заттар құрастырады. Инклюзивті білім беру бойынша «Алмагүл» балабақшасында тәлім алатын балдырған тіпті автокөліктерді жасай алады.  

Роботқұрастырушылар мен жас ғалымдар сенаторға үздік деген жұмыстарын көрсетті. Халық қалаулысын электронды домбыра мен «Дарын» мектебінің оқушылары «Майнкрафт» ойын бағдарламасының көмегімен әзірлеген жобасы ерекше әсер қалдырды.

Сергей ЕРШОВ ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бүгін мен білімімді тағы бір толықтырдым дегім келеді. Бастапқыда олар не айтып тұрғанын түсінбеп едім. Себебі өздерінің тілі танымы түсініктері бар. Бұл әрине таңқалдырардай жұмыс. Әр адамды қызықтыра түсетіні сөзсіз.

Наталья Головина мектепке дейінгі мекмелердегі  жаңа электрондық жүйенің оң ықпалын атап өтті. Балабақша кезегін қысқарту жұмыстары қарқын алғанмен басқада өзекті  мәселелер жетерлік.   Сергей Ершов бөбекжайларда білікті маман тапшылығы өткір тұрғандығын атап өтті.Ол мұны  жедел шешу жолын табу керек -деп есептейді.

Сергей ЕРШОВ ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Жалақы тым аз. Жалақы көлемін өсіркерек деп министрлікпен сөйлескен болатынмын. Онда 2017 жылы жалақы көлемі өскендігін атап өтті. Мен бүгін балабақшада болып арнайы сұрадым. Мамандар жалақы өспеді дейді. Сондықтан Астанаға барған соң бұл мәселені мен көтеремін.

Халық қалаулылысы іс-сапар барысында медициналық мекемелерді көріп шықты. Айтуынша аймақта облыстық аурухана мен онкологиялық орталық салу жоспарда екен. Қазір осынау өзекті мәселелер талқылану үстінде.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар