ЖАС ҒАЛЫМДАР

17:10, 5 ақпан 2019

Қала күніне орай Қарағандының бірқатар мектебінде «гидропониктер» сыныбы ашылды. Енді ондағы оқушылар топырақ қабатынсыз ақ өсімдік өсіру әдіс-тәсілідерін игеруде

№ 23-ші мектеп оқушылары енді қара топырақты қажет етпестен жасыл желекті жайқалдыра алады. Биология сыныбында гидропоникалық жүйе іске қосылған. Осының нәтижесінде өсімдік өсіруде шығын едәуір азайып, есесіне өсім әлде қайда жылдамырақ жүргізілетін болған.

Аружан ӘШІМ, № 23  мектептің 9-шы сынып оқушысы:

-Бұл әдіс тиімді қолданылады, себебі топырақта өсімдік егумен гидропоника айырмашылығы көп., біз сол әдістерді игеріп жатырмыз.

Балаларды жаңа жүйенің қыр-сырын меңгерту үшін түрлі үйірмелер ашылған. Сабақтан тыс мезгілде, осы жүйемен қызыққан 50-ге жуық оқушы уақытын тиімді өткізуге келеді.Ол үшін ұстаздары да бар жағдай жасаған.

Гүлмира МҰРАТҚЫЗЫ, № 23-ші мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

-Гидропоника жұмыстары бойынша оқушылар желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп келеді.бұл жерде тыңайтқыштар мен қоректік химиялық заттар қосылып өседі, жалпы біз мектеп оқушылары мен жас натуралисттер станциясы қосылып, жұмыс істеп, үйірмелер өткізіп тұрамыз.

Осындай сыныптар бүгін нөмірі 57,101-ші мектептерде сондай-ақ, жас натуралисттер орталығында да ашылғанын атап өткен жөн. Білім басқармасы бұл жаңалықты Қарағанды қаласының 85 жылдығына орайластырып отыр.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...