ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЖЕҢІСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18:15, 25 маусым 2019

Облыстық олимпиадалық резервтегі «Жастар» мектебінің футболшылары Қазақстан чемпионаты ойындарында жүлделі болды.Осыған орай,облыстық туризм және спорт басқармасы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп,жеңімпаздарды марапаттады

2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы футбол ойындарына  жоғарыда аталған мектептен 16 ойыншы қатысып, аймақ намысын қорғады.Оған еліміздің 14 аймағынан, 16 команда бой көрсетіп,Қазақстан біріншілігі үшін сайысты.Баспасөз жиыны соңында 16 ойыншыға барынша құрмет көрсетіліп,арнайы кубоктар беріліп,алтын медаль мен құрмет грамоталары табысталды

Мирас ҚУАТ, футбол командасының мүшесі:

-Шымкентте бірінші рет болдым.Алматы мен ойнап пинальтиде оларды ұттық.Футбол ойындарын жақсы көремін.Келешекте үлкен футболист болуды армандаймы.

Балғабай НҰРЛАНОВ, «Жастар» спорт мектебінің басшысы:

-10 жыл ішінде алғашқы рет жеңіске жетіп, отырмыз.Бұл біздің аймақ үшін зор жетістік.Сондықтан барша, қарағандылықтарды және спорт сүйер қауымды шын жүректен құттықтаймын.Жеңіс құтты болсын.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар