ЖАС ЭКОЛОГТАР ФОРУМЫ

16:33, 12 маусым 2019

«Табиғатты аяла!». «Қарағанды қаласында өткен жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумында осы тақырып арқау болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға еліміздің 14 облысынан оқушылар жиналды

Осымен 12 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған  форумға 160 оқушы қатысты. Олар 6 аталым бойынша   қоршаған ортаны таза тұстау, көгалдандыру бағытындағы тың идеяларын ортаға салды. «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» және «Жасыл экономика», «Жас оауазис»  аталымдары бойынша тың жобаларын таныстырды.

Сандар ДАУЕШОВА, Республикалық қосымша білім беру ғылыми-әдісдемелік орталығы басшысының орынбасары:

-Көбіне оқушылар табиғатты жоғалтып алмау үшін қала көлемінде, ауыл бойынша жерлердің  құнарлығын сақтап қалуға байланысты. Егер шөптерді өсіруге байланысты гүлдерді қызыл кітапқа енген үлкен жобаларды ұсынды.

Санжар Пернебаев Нұр-Сұлтан қаласынан келген талапкер. Әділқазылар алқасының назарына ұсынған «Насанды  ұшатын жел трубиналары арқылы электр көзімен қамамасыз ету» жобасы  үздік шыққан. Университет ғалымдарының кеңесе жасаған жұмысын келешекте  одан әрі зерттеігісі келеді. 

Санжар ПЕРНЕБАЕВ, жас эколог:

-Қазір көбісі энергия өндіру ресурстары бізде табиғат ресурстары яғни олар қайта өндіруші  ресурстарға жатады. Немесе ұзақ өнідреді. Ал менің мақсатым экологиялық пайдалы қайта өндіруді қолға алу.

Оқушылар табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарында өз ой тұжырымдарын еркін жеткізе білді. Табиғатты, қоршаған ортаны оқу зерттеуге бағытталған  елімізде 13 станция бар.  Ал, экологиялық орталықтарда 10 мыңнан аса оқушы түрлі үйірмелерге қатысып жүр.  Форумға қатысушыларға сертификат тапсырылып,  6 аталым бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар берілді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар