ЖАС АҚЫНДАР ЖЫР ДОДАСЫНА ТҮСТІ

15:38, 8 қараша 2018

Кеншілер шаһарында «Жақсының аты өлмейді» атты қалалық жас ақындардың айтысы өтті. Жыр додасына от ауызды, орақ тілді 10 өнерпаз қатысып, Бұқар жыраудың ерен ерлігі мен өшпес өрлігін жырға қосты.

Ұлы Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған жыр додасында 10 айтыскер 5 жұпқа бөлініп, өзара бақ таластырды. Дүбірлі айтысқа 16-29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, асыл сөзден маржан шашты. Қатысушылар жас та болса, көмекей әулиенің ұлылығын, дара болмысын жырға қосты.

Баян НҰРТАЕВА, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

-Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз төл өнерімізі жастарымыз білсе екен, дәріптеп жүрсе екен деген ой. Әсіресе, жастар арасында Бұқар жыраудың шығармашылығын насихаттау болып табылады.

Бала кезінен қара  қара өлеңнің қаймағы мен қайнарына сусындаған  Сырым Бейсенбеков бұл айтысқа үлкен дайындықпен келгенін айтады. 8 жасынан домбыраны жанына серік еткен ол төл өнеріміз айтыстың алар орны ерекше дейді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде білім алып жүрген жас студент бұған дейін облыстық, республикалық айтыстарда топ жарып үлгерген. Бұл жолы да асығы алшысынан түсіп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сырым БЕЙСЕНБЕКОВ, қатысушы:

-Айтыста шығатын қарсыласынды жақсы білу керек. Оның осал тұсын анықтап алу қажет. Ол үшін ол адамды зерттеп, ақпарат жинау керек. Енді бұл төл өнерді екенің бірі тандай бермейді. Өзім жастайымнан жаныма серік еттім.

Ал бірінші орынға Қарағанды экономикалық университетінің студенті Ұланғасыр Хамиев лайықты  деп танылды. Екінші және үшінші орындарды 4 жас ақын өзара бөлісті. Сондай-ақ, 3 өнерпазға ынталандыру сыйлығы табысталды. Айта кету керек, дүбірлі дода Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналды.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...