ЖАРЫҚТЫ БІР ҮЙДЕН АЛЫП ОТЫР

15:24, 5 қыркүйек 2019

Қалалық әуежай көшесінің тұрғындары электр энергиясынан тапшылық көріп отыр. Олар кеншілер шаһарының қақ ортасында тұрса да, бірнеше жылдан бері инфрқұрылым мәселесін шеше алмай келеді. Отызға тарта үй тоқты бір адамға тиесіл трансформатор қосалқы станциясынан алуға мәжбүр

Жер телімін мемлекеттен сатып алып, баспанасын көтерген тұрғындар енді қуат көзі қашан істен шығады деп үреймен өмір сүруге мәжбүр. Отызға жуық жеке меншік баспана аумағына электр желісі тартылмаған. Тұрғындарды жиі жарықсыз қалдыратын желілер дені жекеменшікке тиесіл. Аталған сұрақты аудан белсенділері бес жылдан бері көтеріп келеді.

Мәден ҚОРҒАНБЕК, тұрғын:

-Тоқ мәселесін айтатын болсақ, бізде үйді салғаннан бастап көршіміздің жеке меншік ТП- сы бар. Сол кісіден 20-25 үй тоқ алып отырмыз. Өкінішке орай ол кісі енді дүниеден өтіп кетті. Уашытша тұрған желі бұл жұмыс істеп тұрады ма, тұрмайды ма? Осыған кім бізге кепілдік бере алады? Алдымызда қыс келе жатыр.

Ал, ауданға қарасты трансформаторлық қосалқы станция «Горкомхоздың» қарамағында көрінеді. Бір емес, төрт арнайы орынды компания сенімгерлік басқару жолымен өз жауапкершілігіне алған. Әуелде монополистер қосалқы станция болғанымен, тұрғындар мәселесіне ешқандай шешім ұсына алмайтынын алға тартқан еді.  

Артынша осы дау билік басындағылардың құлағына жетіп, халықпен жиын өткізгеннен кейін, «Горкомхоз» мамандары төмендегідей жауап қатты.  

Юрий ГОРЕЛОВ, «Горкомхоз» ЖШС – нің бас инженері:

-Бұл жерде былай жасауға болады. Сіздер өз араларыңыздағы бір адамға хаттама арқылы құқық бересіздер. Ол энергия шаруашылығына жауапты болады. Артынша жүктеме көлемі есептеліп, «Горкомхозға» қосыласыздар. Біз барлық нысандарға техникалық шарт береміз. Сосын жоба дайындап, желілерді құруға мүмкіндік аласыздар.

Бірнеше мәрте билікке ресми хат жолдаса да қорытынды шықпаған бұқара соңғы үмітін телеарнаға артты. Мән – жайы қанық болған мәселе бүгінде біржақты шешімін тапқан сыңайлы. Қазыбек би атындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина бастаған комиссия мекен – жайға барып тұрғындар шағымын тыңдады. Нәтижесінде тұрғындар өз қаржысына желілер тұрғызатын болды. Егер, олар осы уәделерінде тұрса, «Горкомхоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі олардың өтінішін қанағаттандырады.  

Татьяна ШАТОХИНА, Қазыбек би атындағы аудан әкімі:

-Сұрақ мұқият қарастырылып жатыр. Горкомхоздың қатысуымен. Мұнда олардың қарамағындағы 4 трансформаторлық қосалқы желі бар. Енді қосылу нүктесін анықтаймыз. Тұрғындар өздерінің  топтарын құрады. Осылайша, сұрақты кезең - кезеңімен шешеміз.

Енді тұрғындар діттеген мақсатқа жету үшін «Горкомхоздан» техникалық қызмет шартын иемдену керек. Аталмыш құжат тегін түрде беріледі және желілерді іске қосуға жол ашады.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар