ЖАРҚЫН ЖОБАНЫҢ ЖЕМІСІ

13:46, 8 тамыз 2019

Теміртауда қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар өзін-өзі жұмыспен қамтуда.Осы жылдың басынан бері 200-ге жуық адам арнайы оқу курсына жіберілген.Білімін жетілдіргеннің арқасында азаматтар ел қатарлы еңбекке бірден тартылған.Металлургтер қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

Күні кеше бұл кәсіп жат болған Виктор Баур бүгінде станокпен металл дискіге шеңбер жасайды.Ол тұрақты жұмыс іздеп, тауы шағылып біраз уақыт жүріпті. Кәсіпорында оқу курсынан өткен кезінде-ақ еңбекке ептілігімен көзге түскен жігіт артынша осында жұмысқа орналасады. Сөйтіп Виктор нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шапағатын сезінді.

Виктор БАУР, фрезерлеуші:

-Жақында мен 4-ші разряд аламын. Маған өз жұмысым ұнайды. Жалпы бұл менің өміріме  мотивация берді. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізгенім үшін мемлекетке өте ризамын.

Жергілікті тұрғындар Теміртау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы  оқуға жіберіледі.Кенжегүл Чакар жақында ғана жұмыс  іздеген болатын. Оқыту курсын аяқтағаннан соң, нәзікжан әлеуметтік қызметкер лауазымын алды.

Кенжегүл ЧАКАР, әлеуметтік жұмыскер:

-Тұрмысқа шыққан кейін үйде отырып қалдым.  Әрине көптен бері қызмет жасаған жоқпын. Жаңа мамандық алдым.Түгелдей тегін оқыдым. Шәкірт ақы төленді. Сосын бірден жұмысқа қабылдандым.

Ал Виктор мен Кенжегүлден үлгі алу үшін тек жақын жердегі жұмыспен қамту орталығына жүгіну жеткілікті. Бар болғаны, сіз қалаған мамандықты таңдап, құжаттарыңызды ұсынсаңыз болғаны.

Сәния АРЫНОВА, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің  маманы:

-Бағдарламаға қатысушы жұмыспен қамту орталығында тіркелуі керек.Ол жұмыссыз болуы керек.Мамандықты өзі таңдайды. Біз оны жазып аламыз. Осыдан кейін біз топтар құрып, білім беру ұйымдарымен келісім жасаймыз. Бағдарламаға қатысушыларды осы ұйымдарға оқуға жібереміз. Осыдан кейін олар орта есеппен 3 ай оқып, мемлекеттік үлгідегі сертификат алады.

Айта кету керек, бағдарламаның мақсаты - жұмысшыларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларға үйрету. Сонымен қатар жұмыссыздар мен олардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына  ықпал ету. Жоба 2021 жылға дейін жүзеге асырылады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар