ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР

14:15, 10 ақпан 2020

Нұра ауданында: сапалы ауыз су, байланыс, жол жөндеу және тұрғын үй құрылысы, көктемгі су тасқынына әзірлік тәрізді мәселелер өзекті. Ауданға қарасты барлық ауыл әкімдерінің есеп беру кездесуіне қатысып, елді мекендерді аралаған әкімінің түйгені осы. Аян Шалмағамбетов өзінің есеп беруінде бұл өзекті проблемалардың шешімін айтты

Қараой ауылынан келген тұрғын Зарлық Мақсұтов  елді мекен сапалы ауыз суға зәру екенін айтады. Құдықтарындағы тұзды су ішуге келмейді. Салдарынан халық Нұра кентінен тіршілік нәрін тасуға мәжбүр. Ауыл ағайынын алаңдатқан тағы бір мәселе бар.

Зарлық МАҚСҰТОВ,  Қараой ауылының тұрғыны:

- Бұл мәселені 2012 жылдан бастап қозғап келеміз. Бірақ әлі өз шешімін тапқан жоқ.Басқа ауылдан су тасып ішу өте қиын.

Аян ШАЛМАҒАМБЕТОВ, Нұра ауданының әкімі:

- Жобаның семталық құжаты дайын. Қазір мемлекеттік сараптамада жатыр. Бюджет бекгіткенде қарастыратын боламыз. Биыл болмаса келесі жылы жүзеге асады деген үмітіміз бар.

Халық:  түскен қалың қарды тазартуды, шалғайдағы ауыл жолдарының жағдайын жақсартуды, баспана мәселесін шешуді көтерді. Биыл 20 пәтерлі  тұрғын үй пайдалануға берілмекші. Көп балалы аналарға арналған 5 екі пәтерлі тұрғын үй салынады - деп қуантты аудан әкімі. Кент және ауыл жолдары жөнделіп, көшелер жарықтандырылмақшы.

Аян ШАЛМАҒАМБЕТОВ, Нұра ауданының әкімі:

-Аудандық автокөлік жолдарына 438 млн теңге қаражат бөлінді. Теңіз өңірінде аудандық маңызы бар автокөлік жолындағы су өткізу құбырлары жөнделеді. «Пикет –Соналы-Изенді» 14 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеу.

Аян Шалмағанбетов  есеп беру жиналысына келген тұрғындар сауалын ешбірін  жауапсыз қалдырмады. Әрі, халыққа биыл жүзеге асырылатын жарқын жобаларды жеткізді. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында арнайы қоқыс өндірілетін кәсіпорын мен  жарылғыш заттарды өндіретін зауыт пен  базистік қойма ашылады. Құс етін  шығаратын және қайта өңдейтін кешен салынады. Нәтижесінде ауданда  жүздеген жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Аян ШАЛМАҒАМБЕТОВ, Нұра ауданының әкімі: 

-2020 жылы егіс алқабын 6 мың 500 гектарға дейін ұлғайту жоспарда. Бордақылау алаңдарын, сүт тауар фремасын, және сүтті қайта өңдеу цехын салу сияқты бірқатр инвестициялық жобалар іске асады.

Сондай ақ бірқатар ауыл мектептері  жөндеу жұмысынан өтеді. Ал Нұра кентінде дене шынықтықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы да биыл басталмақшы.

Гүбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар