ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БІРГЕ

15:10, 14 наурыз 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандарға шексіз әлем. Осындай мақсатпен облыс орталығында «Жарқын болашаққа бірге» атты мерекелік қайырымдылық кеші өтті

Тағдырдың жаратылысымен аяқ асты арбаға таңылып, не болмаса мүмкіндігі шектеулі өнерге біртабан жақын балғындар үшін бұл күн ерекше сәт. Бала күлкісінен шуақ пен мейірім күтетін «Құлыншақ», «Таңшолпан», «Үміт» секілді өзге де балалар үйінің тәрбиеленушілері мен шәкірттері сахна төрінде. Спортшы болуды армандайтын 11 жасар Тұрар Шәмірбек үшін де ұмытылмас кеш. «Сахнаға шығуым мен үшін үлкен өмірге талпыныс»,- дейді, балғын.

Тұрар ШӘМІРБЕК, Тірек- қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту мекемесінің шәкірті:

-Мен сахнадан қорықпаймын. Иә, кезде қорқынышты болар, алайда, мен бар қорқынышты жеңіп, талантымды ашамын. Арманым бокспен, басқа спортпен айналысу.

 «Жарқын болашаққа бірге» атты мерекелік қайырымдылық кеште «Назқоңыр», «Созвездие» вокалды топ пен «Кристаллайн» би студиясы балғындары да кештің көркін қыздыра түсті.  Шараға   облыстық балалар мен жасөспірімдер сарайы ұжымы, «Нұр Отан» партиясы Қазыбек би аудандық филиалы мен қалалық білім бөлімі ұйытқы болған. Оның ішінде, айтулы шара «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өндірісті өңір орталығының 85 жылдығына да арналып отыр.

Шәриза АЛТЫНБЕКОВА, Балалар мен жасөспірімдер сарайының директоры:

-Бұл балалардың дарындылығы мен талантын ашу. Барлық балалар бұл кеште өз әндерін шырқауға, сахнаға қадам басуға мүмкіндік алуда.

Мерекелік кеште балғындар мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан алшақ қалмайтынын, алға деген талпыныс пен ұмтылыс биікті бағындырарына көз жеткізді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар