Жаңғыру - жаңа міндеттер жүктейді

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» - атты мақаласын Саран қаласының автивіде егжей-тегжейлі екшеледі. Қоғам белсенділері Президенттің ой-толғауында бағамдалған межелер мен мұраттар төңірегінде емен –жарқын пікір алмасты

17:45, 19 сәуір 2017   108

Рухани жаңғыру - жаһандық жаңашылдықтарға жетелейді.Дәстүрдің озығы мен тозығының ара жігіде мәйекті мақала да жіліктеп жазылған.Бір сөзбен айтқанда президенттің пәрменді тұжырымында ұлттық кодты сақтаудың өмірлік өлшемдері бабалардың аманатымен ұштасып жатыр. Ал тарихтағы  тұлғаларадың ізгілікті іздері мен қалдырған  мирасы ұрпақтың мәңгілік мұрасы. 

              

Гүлжан Жүсіпбекова   Саран қаласы аналар кеңесінің төрайымы

 

Озық отыз елдің санатына енуіміз үшін бірінші кезекте бәсекеге қабілетті болуымыз тиіс. Менің ойымша болашақ біздің қолымызда  Ұлт көшбасшысының жуырда жарияланған жазбасына өзімде бірауыздан үн қоса отырып, елімізді өркендетуге ерік-жігеріммен аянбай атсалысамын.

 

Мақалада руханиятты қайта түлету тереңнен  көзделген.Ол үшін мемлекет басшысы бірнеше бастама көтеріп, жобалар ұсынды.Соның бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру.Жиында тараптар ой-толғаудың  ұтымды жақтарын ұтқыр ойларымен орағытты.Алқалы отырыста билік пен бұқара жиырма бес жылдағы Қазақстанның  қарышты қадамдарын жіпше тізді.«100 жаңа есім» мен «100 оқулық» жобасы да халықтың көкейіне сенім ұялатуда.

Анатолий ШКАРУПА  Саран қаласының әкімі

Шахарымыздың тұрғындары  саяси шаралардан шет қалмайды. Үлкен үлес қосуға құлшынып отыр. Қаладағы әлеуметіміздің  әлеуеті әлді. Мазмұнды мақала реформалардың жалғасы іспеттес.

Өркениеттің түп-тамыры рухани  байлықтан сабақталады. Соның нәтиежесінде мыңдаған ұрпақ таным мен тағылымнан нәр алып,  келешекке қанаттанады.Мақаланың меңзеген аксиомасы - жалпақ жұртқа серпіліс беріп,  қазіргі заман көшіне ілестіру.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25