ЖАҢҒЫРТУ МЕН ЖАҢАРУ

17:06, 10 қазан 2019

2019 жылы Қарағанды облысындағы энергияжүйелердің жабдықтарын жөндеуге әрі дайындауға 43 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Аймақтағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы өңірлік телекоммуникация қызметінің брифингінде айтылды

"Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында 2015 жылдан бастап облыс бойынша 22 миллиард теңгеге жылумен, сумен жабдықтауда 15 жоба іске асырылған. 28 шақырым инженерлік желілер қайта жаңартылып, Ақтас кентінде жаңа модульдік қазандық салынды. Теміртау қаласындағы  №2 ЖЭО- соңғы 3 жылда 5 қазандығына күрделі жөндеу жүргізілген. Тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жобасы жайлы да брифингте  тың ақпараттар берілді.

Ұлантай ҮСЕНОВ, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша әр тұрғынға айлық төлемі 500 ден 3000 теңгеге дейін көлемінде. Одан артық төлемейді.  Сараптама бойынша 15 жылға дейін пайызсыз несие беріледі. Құны жанағындай болып шығып отыр. 

Жаңа жылу беру маусымына өңірдің барлық тұрғын үй және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандары дайындалды. Қазір жылу беру маусымы қалыпты жүріп жатыр. Брифингтің сұрақ жауап бөлімінде журналистер бұл саладағы бірқатар мәселелерді көтерді.

Ұлантай ҮСЕНОВ, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Биылғы жылы Қарағанды облысы ең көп газдандыратын аймақ біз болып отырмыз ғой. Бізде газдандыру бойынша 6 қала 114 елді мекен кіріп тұр.  Газдық құны толығымен әлі анықталған емес. Бірақ мен ойлаймын халыққа тиімді болады. Сондықтан газдың құнын қымбат болмау үшін жасалған.

Айта кету керек, Қарағанды облысы бойынша энергетика және ТКШ нысандарының бірқатар желілері ескі.   Қайта қалпына келтірілуге ауқымды қаражат қажет,- дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының басшылығы.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар