ЖАНАШЫР КӘСІПКЕРЛЕР

16:01, 15 қыркүйек 2020

«Бай болсаң -халқыңа пайдаң тисін». Жаңарқа ауданы Ералиев ауылдық-округінің кәсіпкерлері бірігіп, өз аулының емханасына жасанды тыныстандыру құрылғыларын сатып әперді. Әлемді шарпыған тажалмен күресте осылайша көмек қолын созып отыр

Бұл жасанды тыныстандыру құрылғыларын тікелей Түркиядан өз бағасымен алдырған. Оған Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы көмектескен. Бағасы 250 мың теңге. Туған ауылының жанашыры бола білген кәсіпкерлер аты жаман індеттің екінші толықы басталған жағдайда ауданымыз тапшылық көрмесе екен -дейді.

Жанболат ЖУАНЫШБАЕВ, «Қоғалыкөл» шаруа қожалығының жетекшісі:

-Біз біргеміз акциясы аясында ауылда біраз бастама көтеріп, жасанды тыныстандыру құрылғысын әпереміз деп ұйғардық.  Әр азамат бір-бірден құрылғы сатып алатын болды. Оның ішіндегі біреуін өзім алып, ауылдың емханасына бердім.

Аталған ауылдың кәсіпкерлері осыған дейін де талай жақсылық жасаған. Олар биыл Қарағанды қаласының ауруханаларына 2 тоннадай қымыз, 300-400 келідей құрт әкеліп, тегін таратқан еді.

Ербол МӘМБЕТОВ, Ералиев ауылдық округінің әкімі: 

-Пандемияның уақытында ауылдың кәсіпкерлері Жезқазған қаласына 1 тоннадай қымыз, құрт апарған еді. Шамалы болсын көмегімізді тигізейік деген ниет еді.

Бүгінде Жезқазғанның кәсіпкерлері 60 жасанды тыныстандыру құрылғысын алып, жақсылықтың қайтарымы ретінде оның біреуін Жаңарқаға табыстаған. Сөйтіп ауданға  8 құрылғы аттанды.  

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар