ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР

12:27, 20 мамыр 2020

Жаңа оқу жылынан бастап,мектеп оқушылары жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен қамтамасыз етілетін болады.Оны сатып алу үшін қазынадан 2 жарым миллиард теңге бөлінеді.Жоспар бойынша облыс мектептері 100 пайыз оқулықтар мен қамтамасыз етілмек

Ата-аналар өз балаларын оқу мерзіміне дайындау үшін киім-кешекпен мектеп формаларын және сөмкелері мен дәптерлерін ғана сатып алатын болады.Оқулықтар мен оларды білім ошақтары қамтамасыз етеді.Осы жылы 11-ші сыныптар мен  1,5,6 сондай-ақ,3,6,8 сыныптарға арналған информатика пәндеріне арналған кітаптар сатып алынбақ.Бұл арнаулы мектептерде жүзеге асады.

Гүлдана НҰРСҰЛТАН, облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі:

-Біз өткен жылы 4,9 және 10шы сыныптар үшін жаңартылған оқулықтар сатып алған едік.Осы жылы 11-ші сыныптарға аламыз.Қазіргі кезде көлік компаниялары мен арнайы келісімдер жасаудамыз.Баспалар мен де осындай шарттар  жасалуда.

Бір айта кетерлігі, барлық оқулықтар мектеп бағдарламасы талаптарына сай келеді.Жаңартылған білім жүйесіне көшу  соңғы 5 жыл бойы кезең-кезеңі мен жүргізілуде.Сондықтан, бұл жұмыстар одан әрі жалғаса береді,- деген үміт бар.Оқулықтардың жаңа нұсқалары тамыз айының ортасында қолға тиеді деп,-жоспарлануда.

Балауса АСҚАРОВА, №93-ші гимназияның кітапхана меңгерушісі:

-Ата-аналарға айтарым, оқулықтар сатып алудың қажеті жоқ. 2020-2021 жылдары барлық оқушылар жаңа оқулықтар мен қамтамсыз етілмек.Бұл мемлекет тарпынан қаржыландырылмақ.Ал, 11-ші сыныптар үшін ол кешіректеу қолға тимек.Тамыз айында біз алғашқы оқулықтарды ала, бастаймыз.

Осы жылы 1-ші сынып оқушылары барлық пәндер бойынша жұмыс дәптерлері мен қамтамасыз етілмек.Ата-аналарға оны сатып алудың қажеті жоқ.Ішкі есеп бойынша 1мен 11-ші сыныптардағы оқушылар саны 200 мыңға жетеді деген,-үміт бар. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар