ЖАҢАРҒАН ТАРИХИ ҒИМАРАТ

17:25, 22 мамыр 2020

Көптен күткен сәт. Қарағанды темір жол вокзалының жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгін қоғам белсенділері мен аймақ тілшілеріне вокзалдың жаңа келбеті көрсетілді. Біздің түсіру тобымыз да тарихы бай шаһардың тағы бір есте қаларлық сәтіне куә болып қайтты

Темір жол вокзалы талай тағдырдың куәгері. Осы бір перондарға қаушқандардың күлкісі мен қоштасқандардың көз жасы сіңген. Сол себепті де, Қарағанды тұрғындарының өткені- таңбаланған ғимараттың тарихи келбеті осындай.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық маслихаттың хатшысы:

Ғимарат ішінен арғы беттегі перонға өту үшін, енді темір релстерді аттаудың қажеті жоқ. Ол үшін көпшілікке қолайлы, әрі қауіпсіз көпірлер орнатылды. Тіпті, алыс сапарға аттанған ана мен балаға да жағдай жасау үшін, оларға аранайы бөлме жасақтаған. Бұрын  вокзалға тек 800 адам ғана сиятын еді. Жөндеу жұмыстарынан кейін бұл сан 2300-ге көбейді. Сол себепті, есіктердің де ені кеңейтілген.

Жолаушылар поезды жаңбырдың астында күтпейтіндей перондарға арнайы шатыршаларды бекіткен. Жол дорбаларды бұрынғыдай кіреберісте тексермейді. Сол мақсатта арнайы құрылғылар орнатылған бөлме ашылған.  Асыққандар үшін жылжымалы және жедел сатылар қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмапты. Оларға арнайы бөлмелер де бар. Аса биік емес кассалар мен қолайлы пандустар орнатылған. 

Айта кетейік, бастапқа кезеңдерде  басталған жөндеу жұмыстарына қоғам белсенділері мен облыс әкімінің көңілі толмаған еді. Мердігерлер айтылған сынды ескеріп, кемшіліктерді түзетті. Ендігіде, мүмкіндігі шектеулі жандар есіктерді ашарда қиналмайды. Қоғам белсенділері жолаушылар отыратын орындықтардың темірі жұқа деп мін айтқан еді. Бірақ, мердігерлер орындықтар 120 килограмды көтере алады деп сендірді.  

Мамыр айының соңында автовокзалдың да жөндеу жұмыстары басталмақ. Ғимараттың іші мен сырты жаңартылып, ауласы да абаттандырылады. Барлық шығынды меншік иелері көтереді.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Автовокзалға жөндеу жұмыстары 2010 жылы жасалды. Одан бері қаншама уақыт өтті. Бұл ғимараттың үш қожайыны бар. Біз олардың барлығымен келісімге келдік. Барлық шығындарды солар көтереді. Келесі аптадан бастап жұмыстарына кіріседі.

Естеріңізге сала кетйік, вокзалдың жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталған еді. Нысан 2019 жылдың желтоқсан айында тапсырылуы керек болатын. Оған жұмсалған барлық шығынды Қазақстан Темір жолы компаниясы көтерді

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар