ЖАҢААРҚА. СӘЛЕМ, НАУРЫЗ!

17:50, 22 наурыз 2019

Ұлыстың ұлы күні -Жаңаарқа ауданында асқақтатып, атойлатып мерекеленді.Мәні келісен мерекеде жергілікті билік қайырымдылық шараларына барынша басымдық берді. Шуақты шаралардың дені ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Жаңаарқаның 90 жылдығына арналды. Әз Наурызда халықтың назарына қазақ эстрадасы жұлдыздарының тегін коцерті ұсынылды

Наурыз мерекесін Жаңаарқа ауданы қашанда елден ерек,есте қаларлықтай етіп өткізуді дәстүрге айналдырған.Мерекенің нышанына сай безендірілген орталық алаңдағы әйбәт көрініс көңілді көкке көтеріп,көздің жауын алады.Мерейлі мейрамға негізделген театрандырылған қойылымда қазақы қалыппен қапталдаса қабысты. Жерұйықты іздеген Асан қайғы мен Алаштың ақыны сұңғылы Сәкен Сейфуллиннің тұлғалық келбеті  әсем әнмен өріліп, әсерлі көрініс тапты. Ал аудан басшысы ұлттық мерекеде  ағынан жарылып,жалпақ жұртқа ақжарма тілегін білдірді.

Юржан БЕКҚОЖИН, Жаңаарқа ауданының әкімі:

-Барлық қойған межелерімізге жетіп, жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық.Отбасыларыңызға амандық тілеймін.  Наурыз мейрамы құтты болсын.

Ұлыстың ұлы күнінде жазиралы өлкеде дәстүрдің діңгегі тұлпар мен түйе тұяғын дүбірлетіп, дүркіретіп  дәріптелді.Ашық аспан астында салтымызға сәйкес асыл аналар шашу шашты.Пейілі патша ағайында төс қағыстырып, халықтың дархандығын әспеттеді.Тал шыбықтай бұралаған өнерпаздарда  мерекенің көркін қыздырды.

Әбүйірхан ТӨЛЕУОВ, «Ескене» шаруа қожалығының жетекшісі:

-Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.Елге жаңашылдық келгендей.  Өмірдің ұзақтығына  АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ риза болған халық көп жиналып тойлап жатыр.

«Бауырсақ» фестивалінде ас атасының сан түрінен ауыз тиіп Наурыз көжеден дәм татты.Маңызды мейрам аясында «Ауыл береке» жәрмеңкесі ұтымды ұйымдастырылды.Сапасы жоғары  1 тоннадан астам ет пен сүт өнімдерін Жаңаарқалықтар 15 пайыз төмен бағамен сатып алды.Аудандық әкімдік пен кәсіпкерлер қайырымдылық шарасы мен қарекет қарымтасынан қалыс қалмады.Көп балалы және аз қамтылған 200 отбасына азық-түліктер таратылды.Ұлыстың ұлы күніне арнап тігілген он екі ақ шаңқаң киіз үйді Юржан Бекқожин арнайы аралады.Жұдырықтай жұмылып атсалысқан мекеменің ұжымдарына  сыйлықтар табыстады.Жеті баланың анасы Салтанат Мамкинада  «Алтын Алқа» иегері атанып, құрметке бөленді.

Ғазым ЖАРЫЛҒАПОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

-Әр уақытта  Жаңаарқамыз жайнап, Қазақстанымыз құлпыра берсін.Той-тойға ұлассын.Тойдан кенде қылмасын.

Өлке басшысы қазыналы қарияларды ұмыт қалдырмады.Соғыс ардагері Зейнулла Қуанышбековтің үйіне ат басын тіреп, мерекемен құттықтады.Ардагерлердің ұзақ ғұмыр тілеп, кәде сыйлар тарту етті.Сонымен қатар Самарқанның көк тасы жібіген күнде  ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.Әлді жігіттер қошқар және кір тасын көтеруден жарысты. 60-ға жуық білекті жастар боз кілемде белдесті.Әз Наурыз мейрамында көпшілік  қазақ эстрадасы жұлдыздарының тегін концертін тамашалады.Әншілердің жанды тебірентетін әндері жүректен –жүрекке жетті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, тілші:

-Ұлыстың ұлы күнінде Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылған мерекелік шаралардың санында шек болмады.Әсіресе жеті қазыналар көрмесі ұлттық рухтың иісін алыстан анқытты.Бұдан бөлек шаттық шаралар мейрамның мәнін келістіріп, ажарын аша түсті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар