ЖАҢА ЖЫЛДА-ЖАҢА ҚОНЫС

15:24, 22 наурыз 2018

Наурыз мейрамын қарағандылық 35 отбасы жаңа баспанада қарсы алуда

Мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген көп қабатты үйдің ел игілігіне берілуі елдің көңіліне қуаныш ұялатты.

Райхан САЙРАНБЕК тілші

Оңтүстік Шығыс ауданында  салынған  көп қабатты  мына  үйдің     пәтер кілттерін табыстау рәсіміҰлыстың ұлы күніне  тұспа-тұс  келді. «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын бұл жолы 35 отбасы көріп отыр.Жаңа баспанаға ие болғандардың басым дені жастар.

Көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері  мерекеде қонысты болды. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов арнайы келіп, жұртшылықты Наурыз мерекесімен қатар  келген қуаныштарымен құттықтады.

Ерлан ҚОШАНОВ облыс әкімі

Наурыздағы еселенген қуанышқа 3 баланы өмірге әкелген ерлі-зайыптылар да бөленіп отыр. Отбасы пәтер кезегінде тұрғандарына 10 жыл болған Қантерміровтардың қуанышында шек жоқ бүгін.

Шынар ҚАНТЕМІРОВА

Сатып алу  құқығымен  жалға  берілген үй негізінен  екі және  үш  бөлмелі.  Ал бағасы әр шаршы метріне 100 мың теңгеден. Пәтер бөлмелері кең, әрі жарық. Айталық, мұндағы екі бөлмелі  пәтердің аумағының өзі 68  шаршы  метр.

Райхан САЙРАНБЕК тілші

Жыл  соңына  дейін   дәл осы үйдің тағы бірнеше  подъездерінің құрылысы аяқталып, тағы 154 отбасыға пәтер кілттері табыс етіледі.  Ал үй толығымен салынып біткенде бұл көп қабатты үйде барлығы  464 жанұя баспаналы болады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар