ЖАҢА ЖҮЙЕ – ОҢАЙ ТӨЛЕМ

16:43, 16 қыркүйек 2020

Қарағанды қаласының қоғамдық көліктерінде онлайн төлем жүргізу жүйесі сынақтан өтуде. Қазірдің өзінде 8 мыңнан астам төлем карталары сатылымға шыққан

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Қарағанды қаласы автобустарында жаңа төлем жүйесі орнатылып, 15 қыркүйектен сынақтан өтуде. Әзірге, жолаушылар тасымалының 145,118 автобустарына ғана мынада терминалдар орнатылмаған. Оның басты себебі, төлем құрылғысында 90 теңгелік есептеу жүйесі жоқ. алайда барлығында аппараттар орнатылған. Сынақтан өткен соң іске қоспақ.

Наталья  ЛУКЬЯНЕНКО,  «Smart Card» компаниясының өкілі:

- Біздің компанияның картасы өте сапалы, өте қолайлы. Тіпті, төлем жүргізген соң, карточкаңыздағы қалдық қаражатыңыз бірден көрініп тұрады. Әркім өз карточкасындағы соңғы төрт санды ұмытпау керек. Осы арқылы картаңыз жоғалып, не болмаса сынып қалса қаражатыңыз жаңасына аударылып, жаңадан берілетін болады.

Қарағандылықтар жаңа жүйеге бой үйретіп, карточкаларды сатып алу үстінде. Алайда, төлем ыңғайлы болғанымен, келеңсіз тұстары да бар, -дейді тұрғындар. Мысалға, Галина  Похомова 15 минут ішінде екі төлем жүргізілмейтініне алаңдаулы.

Галина ПАХОМОВА, қала тұрғыны:

-  Карточка арқылы төлем өте ыңғайлы. Өте қуаныштымын осындай жаңашылдық үшін. Алайда, жол жүріп келе жатқанда автобус сынып қалса жолақысын кім қайтарады? 15 минут ішінде екінші төлем жүргізу үшін  тосуға тура келеді. Ия, осы тектес кейбір мәселелерді ойлаймын. Дегенмен, онлайн төлем өте оңай төлем.

Қазіргі таңда 60-қа жуық нүктеде смарт карталар сатылымға шыққан. Оларды ірі сауда нүктелері мен қазпочта бөлімшелерінен алуға болады. «Оқушы», «Ересек», «Зейнеткер» көлік карталарының ішінде, мектеп оқушылары 15 күн ішінде бірден тіркеуден өтуі тиіс. Сол кезде ғана оқушылар жеңілдікке ие болмақ.

Мамандар, корея елінің технологиясы өте жоғары деңгейде -дейді. Тіпті, барлық деректер арнайы сервер жадында сақталмақ. Қанша қаражат түсті, қанша карточка сатылымға шықты деген сұрақтарға осы қондырғы толықтай жауап бермек.

Фарид ГИЛМУДИНОВ, «Smart Card» компаниясының маманы:

- Бұл қондырғы  арқылы онлайн төлемнің әрбір сәтін бақылап отыруға болады. Барлық мәлімет осында. Карточканы сатып алған бойда, дерек осында түседі. Бірден қолдана беруге болады.

Мамандар, онлайн төлем 1 қазаннан бастап ресми түрде іске қосылады деп отыр. Сол күннен бастап карточканы үйден шықпай-ақ толтыру мүмкіндігі болмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар