ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖЕМІСІ

19:16, 13 қыркүйек 2017

Бүгінде Жезқазған қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына материалдар сырттан алдырылмайды. Енді мұны мысты өңірдегі темір бетон заводы қамтамасыз етеді. Екі жыл бұрын ашылған «Самға» ЖШС биыл әлемнің озық технологиясымен жұмыс істейтін жаңа цехті іске қосты. Нәтижесінде өнім қуатытлығын бірнеше есеге арттырған. Жаңа иновациялық жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр

Завод ішінен ашылған жаңа цехта 100 метрлік  6 жолақ бар. Алдымен шақпатас пен баласт цемент салынып суға араластырылады. Кейін дайын лай арнайы құрылғының көмегімен жанағы жолақтарға құйылады. Ал цех еденінің ерекшелегі сол - плитаны сүт пісірім уақытта кептіріп шығарады. Сәйкесінше өндіріс қуаты да анағұрлым артып, қазір кәсіпорын күніге 600 текше метр плита дайындайды. Испаниялық қондырғы тұрмысқа қажетті жиек тас және қырлы тас тәрізді  өнімнің бірнеше түрін шығарады.  Цехты  осындай  құрылғылармен жабдықтау үшін  кәсіпорын басшылығы  «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік  бағдарламасымен 40 млн теңге несие алыпты. Кәсіпорында жаңа цехтің іске қосылуымен   120 адамға жұмыс көзі ашылды.  Шебер Әлібек Қуатов завотта 2 жыл бойы еңбек етіп келеді. Бірегей қондырғының арқасында жұмыста қара күш көп жұмсалмайтынын айтады. Тек қажетті тетікті басып отырса болған, бәрі автоматты түрде жүзеге асады. Атап өту керек, плита жасауға қолданылатын материал тегіс «Қазақстанда жасалған». Бұл жоба Қарағанды облысының  кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізлген. «Самға» ЖШС шығарған өнім  бүгінде мысты өңірдегі 38 тұрғын үйдің құрылысына пайдаланылыпты. Қазір тапсырыс тіптен артқан. Себебі Жезқазған қаласында  биыл 108 коттедж үйдің құрылысы басталмақ.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Облыс орталығында сары ауру белең алды
17:40, 17 қаңтар 2018
Облыс орталығында сары ауру белең алды
Толығырақ...
Саран  қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын аудандар қайта қалыпқа келтіріліп, химия өнеркәсібін дамыту қолға алынады
16:14, 17 қаңтар 2018
Саран қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын ауданда...
Толығырақ...
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілмек
16:09, 17 қаңтар 2018
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жетістіктерін халық қалаулыларына көрсетті
12:45, 11 қаңтар 2018
Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жет...
Толығырақ...
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
12:46, 11 қаңтар 2018
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
Толығырақ...