ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

16:12, 15 мамыр 2020

Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында халықты сапалы сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Осы мақсатта Эскулин су құбырын салу жөніндегі көптен күткен жоба жүзеге асырылуда. Сәтбаев қаласына арнайы іс-сапарымен барған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, бұл бағыттағы жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы шаһардағы құрылыс нысанымен танысты

Айта кетелік, Жезқазған мен Сәтпаев қалаларын таза ауыз сумен қамтуға бағытталған бұл бастама, бірнеше жыл бұрын жүзеге асуы тиіс болатын. Қаржының бөлінбеуінен Эскулин су құбырын салу тұралап қалған. Енді жоба жұмысы бір ай ішінде қайта жандануы тиіс. Оған қажетті қаражат Үкіметтің қолдауымен «Қазақмыс» корпорациясын атсалысуымен бөлініп қойған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-  Халықты таза ауыз сумен қамту өте өзекті. Сондықтан, тез арада іске кірісіп, биыл толықтай жобаны аяқтау керек. Бұл төрғындар үшін өте маңызды жоба.

Ауыз су мәселесін шешетін ұтымды жоба -Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы арқылы жүзеге аспақ.  Жер асты көздерінен жеткізілетін ауыз судың сапасын арттыру үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды.

Алтай ЕЛЖАСОВ, «Нұра топтамалық су құбыры» РМК-ның бас директоры:

-   ҚР-на қарасты ауылдық елді мекендер мен моноқалаларды ауыз сумен қамтамасыз етумен айналысамыз. Сәтпаев-Жезқазған аймағы суды Эскулин орнынан алады. Эскулин су құбырын қайта құру жөніндегі жобамыз үш кезеңнен тұрады. Оны іске асыру Сәтбаев пен Жезқазған қалаларын сумен толық қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз - жобаның барлық үш кезеңін осы жылы аяқтау.

Өңір басшысы жұмыс сапары барысында жаңа шағын ауданда салынып жатқан  тұрғын үй құрылысымен танысты. Сондай-ақ, 1990 жылдан бері аяқталмай, құрылысы тұралап қалған 60 пәтерлі үйді де қарап шықты. Бүгінгі күні - бес қабатты үй толықтай аяқталған. Бұл үйдің 15 пәтерін «Қазақмыс» корпорациясы көпбалалы отбасылар санатына жататын жұмысшылары үшін жиһазымен сатып алған. Сәтпаев қалалық әкімдігі болса,  дәл осы ғимараттан 22 үш бөлмелі пәтерді сатып алып, кезекте тұрған көп балалы отбасыларды қоныстандыруды жопарлап отыр.

Сәтбаев қаласындағы ірі әлеуметтік  құрылыстың бірі 320 орындық балабақша нысаны. Ғиамарат үш қабатты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асқан құрылыс ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Жалпы, Сәтпаев қаласында жұмыспен қамтудың жол картасы  аясында білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және денсаулық сақтау салалары бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда. Үш балабақшада, төрт мектепте күрделі жөндеу басталған. Алдағы күндері аурухананы күрделі жөндеуден өткізу міндеті тұр.  Қазіргі таңда, жолдарды қалыпқа келтіру де басталып кеткен.  Барлық жобалар бойынша 800-ге жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар